operation manual
Құрғақ сүрткіштерді ауыстыру
Жаңа құрғақ сүрткіштерге тапсырыс беруге болады. Олар FC8068 ауыстыру
жинағының бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, ауыстыру жинағында екі
бүйірлік щетка мен екі сүзгі бар.
Қашықтан басқару құралының батареясын ауыстыру
Қашықтан басқару құралы CR2025 тиын пішінді батареясымен жұмыс
істейді. Робот қашықтан басқару құралындағы түймелерді басуға жауап
бермесе, батареяны ауыстырыңыз.
1 Қашықтан басқару құралын аударып ұстаңыз. Батарея ұстағышындағы
босату түймесін басыңыз және сол уақытта батарея ұстағышын қашықтан
басқару құралынан сырғытып шығарыңыз.
2
3
1
2 Таусылған батареяны батарея ұстағышынан алып, батарея ұстағышына
жаңа батареяны салыңыз. Содан кейін батарея ұстағышын қашықтан
басқару құралына сырғытыңыз.
Өңдеу
-
Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық қалдықпен бірге тастауға
болмайтынын білдіреді (2012/19/EU).
-
Бұл белгі осы өнімде күнделікті үй қоқыстарымен бірге тастауға
болмайтын батареялар бар екенін білдіреді (2006/66/EC).
-
Электрондық және электр өнімдері мен батареяларды бөлек жинау
бойынша жергілікті ережелерді орындаңыз. Дұрыс тастау қоршаған
ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізбеуге көмектеседі.
Біржолғы батареяларды алып тастау
Біржолғы батареяларды алып тастау үшін, пайдаланушы нұсқаулығындағы
батареяларды орналастыру және/немесе алып тастау нұсқауларын көріңіз.
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда машинада жиі кездесетін мәселелер аталып өтеді. Төмендегі
ақпараттың көмегімен мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтар
Қазақша