operation manual

1
2
7 Шаң контейнерін шаң контейнері бөліміне қойыңыз және роботтың үстіңгі
қақпағын қайта жабыңыз.
Абайлаңыз: Әрқашан шаң контейнерінің ішінде сүзгі бар екенін тексеріңіз.
Егер роботты шаң контейнерінің ішінде сүзгі болмай пайдалансаңыз,
қозғалтқыш зақымдалуы мүмкін.
Ауыстыру
Қосалқы құрылғыларға тапсырыс беру
Қосалқы құрылғылар немесе қосалқы бөлшектер сатып алу үшін,
www.shop.philips.com/service сайтына кіріңіз немесе Philips дилеріне
барыңыз. Сонымен қатар, еліңіздегі Philips тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз (байланыс мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік
парақшасынан қараңыз).
Сүзгіні ауыстыру
Егер өте ластанса немесе зақымдалса, сүзгіні ауыстырыңыз. Жаңа сүзгі
жинағына FC8066 нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады. Сүзгіні шаң
контейнерінен алу және шаң контейнеріне салу туралы нұсқауларды
«Тазалау және күту» тарауындағы «Шаң контейнерін босату және тазалау»
бөлімінен қарауға болады.
Бүйірлік щеткаларды ауыстыру
Тиісті тазалау нәтижелерін қамтамасыз ету үшін бүйірлік щеткаларды біраз
уақыттан кейін ауыстырыңыз.
Тозу немесе зақым белгілерін байқағанда, бүйірлік щеткаларды міндетті
түрде ауыстырыңыз. Сондай-ақ, бүйірлік щеткалардың екеуін де бір уақытта
ауыстыру ұсынылады. Қосалқы бүйірлік щеткаларға FC8068
ауыстырылатын жинағының бөлшегі ретінде тапсырыс беруге болады.
Сонымен қатар, бұл жинақта екі сүзгі және үш құрғақ сүрткіш бар.
1 Қуат қосқышы «өшірулі» күйінде екенін тексеріңіз.
2 Бүйірлік щеткаларды ауыстыру үшін ескі бүйірлік щеткаларды
қылдарынан ұстап, біліктерінен тартып алыңыз.
Қазақша