User manual
31
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-бетіне тіркеңіз.
Құралды қолданбастан бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны
келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
- Суды немесе басқа сұйықтықты соруға болмайды. Жануы жеңіл заттарды соруға болмайды,
ал күлді сору үшін, оның суығанын күтіңіз.
- Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген кернеудің жергілікті ток көзінің
кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
- Егер құралдың шанышқысы, сымы немесе құралдың өзге бөлшегіне зақым тиген болса,
құралмен қолданбаңыз.
- Егер ток сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін оны тек Philips, Philips
компаниясы ұсынған қызмет орталығында немесе соған сәйкес білімі бар маман
алмастыруы тиіс.
- Физикалық мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(балаларды қоса) бұл құралды олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамның
қадағалауымен немесе құралды қалай пайдалану жөнінде нұсқау берілген жағдайда ғана
қолдануына болады.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
- Шаң сорғыш қосулы кезінде, шлангыны, құбырды немесе басқа қосымша бөлшектерді
көзіңізге, құлақтарыңызға, бағыттамаңыз және оларды аузыңызға салмаңыз.
- Шаңсорғышты күл, құм, әк, цемент шаңы мен осы тәріздес заттарды сору үшін
қолданғанда, шаң дорба тесіктері бітеліп қалады. Нәтижесінде, толу индикаторы шаң
дорбасы толды деп ескертеді. Бір рет қолданылатын дорбаны ауыстырып, ал қайта
қолданылатын дорбаны толы болмаса да босатыңыз («Шаң дорбасын ауыстыру/босату»
тарауын қараңыз).
- Бұл құралды мотор қорғауыш фильтрсіз қолдануға болмайды. Бұл моторға зақым келтіріп,
құралдың қызмет ететін өмірін қысқартуы мүмкін.
- Тек қосымша берілген Philips s-дорбаларын синтетикалық шаң дорбаларын немесе қайта
қолданылатын шаң дорбаларын ғана қолданыңыз (кей елдерде ғана).
- Шуыл деңгейі: Lc = 82 дБ (A)
Philips компаниясы шығарған бұл құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес
қолданылса, қазіргі кезде белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды қолдану қауіпсіз
деуге болады.
1 Шлангыны қосу үшін, оны құралға (1) итеріп, сағат бағытында бұраңыз (2) (Cурет 1).
2 Шлангыны босату үшін, оны сағат бағытына қарсы бағытта бұрап (1), құралдан тартып
суырып алыңыз (2) (Cурет 2).










