User manual


- Шаңсорғышпен суды немесе басқа сұйықтықты сорғызуға
болмайды. Тұтанғыш заттарды да сорғызуға болмайды, ал күлді тек
суығаннан кейін сорғызу керек.
- Шаң сорғышты немесе зарядтаушыны ешқашан суға немесе басқа
сұйықтыққа батырмаңыз.

- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі
кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
- Шаң сорғышты немесе зарядтаушыны, егер олар зақымдалған
болса, қолдануға болмайды.
- Зарядтаушыны және адапторды алмастыру мүмкін емес. Егер
зарядтаушы немесе адаптор зақымдалған болса, құралды тастау
керек.
- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
- Бақылау астында болса немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану
туралы нұсқаулар алған болса және байланысты қауіптерді түсінсе,
бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар және дене,
сезу немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі мен білімі
жоқ адамдар пайдалана алады.
- 8 жасқа толмаған балалар ересектің қадағалауынсыз тазалау және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізбеуі тиіс.
- Құрылғы мен оның сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы
жетпейтін жерге қойыңыз.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.

- Зарядтаушы қондырғыны тазалар алдында адапторды қабырғадағы
розеткадан суырып алыңыз.
- Шаң сорғышты текқана бірге қамтамасыз етілген адаптормен ғана
зарядтаңыз. Зарядталып жатқанда адаптор кішкене ысып кетеді.
Ол әдеттегі нәрсе.
- Қолданып болғаннан кейін құралды өшіріп қойыңыз.
 69