User manual


Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты
барлық стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы
нұсқаулығына сәйкес қолданылса, қазіргі кездегі белгілі ғылыми
дәлелдерге негізделе отырып, құрал қолдануға қауіпсіз деуге болады.


1 Суретте көрсеткендей етіп, зарядтаушыны қабырғаға
орнатыңыз. (Cурет 2)
Егер сіз зарядтаушыны қабырғаға орнатсаңыз, онда бұрауыш
тесікшелері арасындағы ара қашықтық 12 см болуы тиіс.
2 Сонымен қатар, зарядтайтын бөлікті көлбеу жерге қойсаңыз
болады (мысалы, стөл немесе орындық) (Cурет 3).
3 Артық тоқ сымын зарядтаушының артындағы текшеге орап, тоқ
сымын тесікшеден өткізіңіз (Cурет 4).

Құралды ең алғашқы қолданар алдында, оны 16 сағат бойы
зарядтаңыз.
Кеңес: Егер сіз аспапты ұзақ уақыт пайдаланбауды жоспарласаңыз,
адаптерді розеткадан шығарыңыз.
1 Құралды міндетті түрде өшіру керек.
2 Адапторды қабырғадағы розеткаға кіргізіңіз.
3 Шаң сорғышты зарядтайтын бөлікке қойыңыз (Cурет 5).
- Шаң сорғыштың артындағы ауызын зарядтаушының ілмегіне ілуді
ұмытпаңыз (Cурет 6).
, Құралдың зарядталып жатқандығын білдіріп, зарядтаушы
жарығы жымыңдай бастайды (Cурет 7).
, Құралдың толығымен зарядталғандығын білдіріп, зарядтаушы
жарық тоқтаусыз жанып тұрады.
 63