User Manual
- FC6142 / FC6140 шу деңгейі = 75 дБ
Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты
барлық стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы
нұсқаулығына сәйкес қолданылса, қазіргі кездегі белгілі ғылыми
дәлелдерге негізделе отырып, құрал қолдануға қауіпсіз деуге болады.
1 Суретте көрсеткендей етіп, зарядтаушыны қабырғаға
орнатыңыз. (Cурет 2)
Егер сіз зарядтаушыны қабырғаға орнатсаңыз, онда бұрауыш
тесікшелері арасындағы ара қашықтық 12 см болуы тиіс.
2 Сонымен қатар, зарядтайтын бөлікті көлбеу жерге қойсаңыз
болады (мысалы, стөл немесе орындық) (Cурет 3).
3 Артық тоқ сымын зарядтаушының артындағы текшеге орап, тоқ
сымын тесікшеден өткізіңіз (Cурет 4).
Құралды ең алғашқы қолданар алдында, оны 16 сағат бойы
зарядтаңыз.
1 Құралды міндетті түрде өшіру керек.
2 Адаптерді қабырғадағы розеткаға жалғаңыз.
3 Шаң сорғышты зарядтайтын бөлікке қойыңыз (Cурет 5).
- Шаң сорғыштың артындағы ауызын зарядтаушының ілмегіне ілуді
ұмытпаңыз (Cурет 6).
, Құралдың зарядталып жатқандығын көрсетіп, зарядталу жарығы
жанады. (Cурет 7)
Ескертпе: Зарядталып жатқандығын білдіретін жарық құрал тоққа
қосылған зарядтаушыда тұрған болса, жанып тұрады.
63










