User Manual

11KK
6 Ақаулықтарды
жою
Абайлаңыз
Бұл құрылғының сыртқы қорабын шешуші болмаңыз.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені
ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Бұл құрылғыны пайдалану кезінде
проблемалар орын алса, қызмет сұраудан
бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп
шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе, Philips
веб-торабына (www.philips.com/welcome)
өтіңіз. Philips компаниясына хабарласқанда,
құрылғының жақында болуын және үлгі
нөмірі мен сериялық нөмір көрініп тұруын
қамтамасыз етіңіз.
Қуат жоқ
Құрылғының айнымалы ток қуат
штепселінің дұрыс қосылуын қамтамасыз
етіңіз.
АТ розеткасында қуат болуын
қамтамасыз етіңіз.
Дыбыс жоқ
Дыбыс деңгейін реттеңіз.
Құрылғыдан жауап жоқ
Айнымалы ток қуат штепселін ажыратып,
қайта қосыңыз, одан кейін жүйені
қайтадан қосыңыз.
Bluetooth құрылғысы туралы
Bluetooth байланысы тіпті сәтті орнағаннан
кейін де жүйеде музыка ойнату мүмкін
емес.
Құрылғыны жүйемен музыка ойнату үшін
қолдануға болмайды.
Bluetooth функциясы қосылған құрылғымен
байланыс орнағаннан кейін дыбыс сапасы
нашар.
Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны
жүйеге жақындатыңыз немесе құрылғы
мен жүйенің арасындағы қандай да бір
кедергіні алып тастаңыз.
Жүйеге қосылу мүмкін емес.
Құрылғы жүйеге қажетті профильдерді
қолдамайды.
Құрылғының Bluetooth функциясы
қосылмаған. Функцияны қосу жолдарын
құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.
Жүйе жұптау режимінде емес.
Жүйе басқа бір Bluetooth функциясы
қосылған құрылғымен жұпталып қойған.
Сол құрылғыны немесе барлық басқа
жалғанған құрылғыны ажыратып, әрекетті
қайталаңыз.
Жұпталған құрылғы тұрақты қосылып,
ажырайды.
Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны
жүйеге жақындатыңыз немесе құрылғы
мен жүйенің арасындағы қандай да бір
кедергіні алып тастаңыз.
Кейбір құрылғыларда Bluetooth
байланысы қуатты үнемдеу мүмкіндігі
ретінде автоматты түрде өшуі мүмкін.
Бұл жүйенің жұмысы бұзылғанын
білдірмейді.