User Manual
9KK
3 Құрылғымен жұптауға болатын
Bluetooth құрылғыларын іздеңіз.
4 «PHILIPS DS8400» көрсетілгенде,
байланысты бастау үшін оны таңдаңыз.
» Қос дыбыстық сигнал растауы
естіледі және қосылу сәтті болса,
ЖШД тұрақты болып жанады.
» Егер жұптауды 15 минут ішінде
орындау мүмкін болмаса, ЖШД
өшеді.
Кеңес
• Егер Bluetooth құрылғысы бұрын DS8400
құрылғысымен жұпталған болса, жай ғана Bluetooth
мәзірінен «PHILIPS DS8400» тауып, содан кейін
байланысты растау керек.
• Bluetooth құрылғысын ажырату
1 Қосылған құрылғыны өшіріңіз немесе
оны байланыс ауқымынан тыс
жылжытыңыз.
» ЖШД жыпылықтайды.
• Bluetooth жұптау ақпаратын өшіру
1 түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.
» Жұптау ақпараты сәтті
тазаланғаннан кейін құрылғы бір рет
дыбыстық сигнал шығарады.
Bluetooth құрылғыларындағы дыбыс
файлдарын ойнату
Ескертпе
• Негізгі бөлік пен құрылғының арасындағы Bluetooth
байланысы қосулы болуын қамтамасыз етіңіз.
• Ойнатуды бастау үшін, қашықтан басқару
құралындағы түймесін басыңыз.
• Ойнатуды кідірту/жалғастыру үшін,
түймесін қайтадан басыңыз.
• Жоғарғы/төменгі жолға өту үшін, алға/
артқа жылдам айналдыру пернелерін
басыңыз.
Сыртқы құрылғыдан ойнату
Бұл қондырмалы динамикпен MP3 ойнатқыш
сияқты сыртқы құрылғыдағы дыбысты да
ойнатуға болады.
Ескертпе
• Динамикке iPod/iPhone/iPad қондырылмағанын
тексеріңіз.
1 Дыбыс кірісі режимін таңдау үшін
түймесін басыңыз.
2 Жинақпен берілген дыбыс кірісі кабелін
мына жерлерге жалғаңыз:
• құрылғының артындағы AUDIO IN
ұясына (3,5 мм).
• сыртқы құрылғыдағы құлақаспап
ұясына.
3 Құрылғыны ойнатуды бастаңыз
(құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын
қараңыз).
Дыбыс деңгейін реттеу
1 Ойнату кезінде дыбыс деңгейін
жоғарылату/төмендету үшін VOL +/-
түймесін басыңыз.
Дыбысты өшіру
1 Ойнату кезінде дыбысты өшіру/қосу
үшін, MUTE түймесін басыңыз.










