User Manual

8 KK
4 Ойнату
iPod/iPhone/iPad
құрылғысынан ойнату
Осы құрылғы арқылы iPod/iPhone/iPad
дыбыстарын тыңдауға болады.
Үйлесімді iPod/iPhone/iPad
Жарықтандырылатын қондырма қосқышы
бар Apple iPod, iPhone және iPad үлгілері.
Мыналар үшін жасалған:
iPod nano (7-буын)
iPod touch (5-буын)
iPhone 5
iPad Mini
iPad 4
iPod/iPhone/iPad құрылғысын салу
1 iPod/iPhone/iPad құрылғысын қондырмаға
қойыңыз.
iPod/iPhone/iPad құрылғысын алу
1 iPod/iPhone/iPad құрылғысын
қондырмадан тартып шығарыңыз.
iPod/iPhone/iPad тыңдау
1 iPod/iPhone/iPad дұрыс салынғанын
тексеріңіз.
2 Қондырма режимін таңдау үшін
түймесін басыңыз.
3 түймесін басыңыз.
» Жалғанған iPod/iPhone/iPad ойнай
бастайды.
Ойнатуды уақытша тоқтату/
жалғастыру үшін түймесін
басыңыз.
Бір жолды өткізіп жіберу үшін, алға/
артқа жылдам айналдыру пернелерін
басыңыз.
Ойнату кезінде іздеу үшін, алға/
артқа жылдам айналдыру пернелерін
басып тұрып, қалыпты ойнатуды
жалғастыру үшін босатыңыз.
Мәзірде жылжу үшін, MENU
түймесін, содан кейін жоғары/төмен
пернелерінбасып таңдаңыз да, OK
түймесін басып растаңыз.(тек iPod
және iPhone үшін)
iPod/iPhone/iPad құрылғысын
зарядтау
Құрылғы қуат көзіне қосылып тұрғанда,
қондырылған iPod/iPhone/iPad зарядтала
бастайды.
Bluetooth құрылғысынан
ойнату
Bluetooth құрылғыларымен жұптау
1 Bluetooth көзін таңдау үшін түймесін
басыңыз.
» Жұптау автоматты түрде басталады.
» Негізгі құрылғыдағы түймесінің
астындағы ЖШД жылдам
жыпылықтайды.
2 Құрылғыдағы Bluetooth функциясын
қосыңыз.