User manual
14 KK
Қажетті әрекеттер
• A2DP Bluetooth профилін қолдайтын
және 4.1 Bluetooth нұсқасы бар
Bluetooth құрылғысы.
• Негізгі құрылғы мен Bluetooth құрылғысы
арасындағы жұмыс ауқымы — шамамен
10 метр.
1 Бұл өнімді Bluetooth режиміне ауыстыру
үшін қашықтан басқару құралындағы
түймесін басыңыз.
» BT дисплей панелінде жыпылықтап
көрсетіледі.
2 Bluetooth құрылғысында Bluetooth
қызметін қосыңыз, қосылымды бастау
үшін іздеп, Philips CSS5530 параметрін
таңдаңыз (Bluetooth қызметін қосу
жолы туралы Bluetooth құрылғысының
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз).
• Алғаш рет қосқанда кейбір мобильді
құрылғыларда жұптау туралы сұрау
хабары пайда болады, қосылымды
орнату үшін «YES» (Иә) жауабын
таңдаңыз.
» Қосылу барысында дисплей
панеліндегі BT жыпылықтайды.
3 Осы өнім дыбыстық сигнал шығарғанша
күтіңіз.
» Bluetooth қосылымы сәтті
орнатылғанда, дисплей панелінде BT
көрсетіледі.
» Қосылым сәтсіз орнатылғанда,
дисплей панелінде BT үздіксіз
жыпылықтайды.
4 Bluetooth құрылғысында дыбыс
файлдарын немесе музыканы таңдап,
ойнатыңыз.
• Ойнату кезінде қоңырау қабылданса,
музыка ойнату уақытша тоқтатылады.
• Егер Bluetooth құрылғысы AVRCP
профилін қолдайтын болса, әуенді
өткізу үшін қашықтан басқару
құралындағы
/ түймесін
басыңыз немесе ойнатуды уақытша
тоқтату/жалғастыру үшін
түймесін басыңыз.
5 Bluetooth құрылғысынан шығу үшін басқа
көзді таңдаңыз.
• Bluetooth режиміне қайта ауысқанда
Bluetooth қосылымы белсенді болып
қалады.
Ескертпе
•
Музыка ағыны құрылғы мен осы өнім арасындағы
қабырға, құрылғыны жабатын металл корпус немесе
бірдей жиілікте жұмыс істейтін жақын жердегі басқа
құрылғылар сияқты кедергілерден үзілуі мүмкін.
• Бұл өнімді басқа Bluetooth құрылғысымен қосқыңыз
келсе, ағымдағы Bluetooth қосылымын тоқтату үшін
қашықтан басқару құралындағы
түймені басып
тұрыңыз.
NFC арқылы Bluetooth қосу
NFC (жақын арадағы байланыс) мобильді
телефондары сияқты NFC-қосылған
құрылғылары арасындағы қысқа ауқымды
сымсыз байланысты іске қосатын технология
болып табылады.
Қажетті әрекеттер
• NFC функциясы бар Bluetooth
құрылғысы.
• Жұптастыру үшін осы өнімнің NFC
тегіндегі NFC құрылғысын түртіңіз.
1 Bluetooth құрылғысындағы NFC іске
қосыңыз (мәліметтер үшін құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
2 NFC құрылғысын осы өнімнің NFC
тегіне осы өнім дыбыстық сигнал
шығарғанша тигізіңіз.
• Алғаш рет қосқанда кейбір мобильді
құрылғыларда жұптау туралы сұрау
хабары пайда болады, қосылымды
орнату үшін «YES» (Иә) жауабын
таңдаңыз.