User manual
12 KK
4 Өніміңізді
пайдалану
Бұл бөлім қосылған құрылғылардан дыбысты
ойнату үшін осы өнімнен пайдалануға
көмектеседі.
Бастау алдында
• Қысқа бастау нұсқаулығында және
пайдаланушы нұсқаулығында сипатталған
қажет қосылымдарды жасаңыз.
• Бұл өнімді басқа құрылғыларға арналған
дұрыс көзге ауыстырыңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу
1
Дыбыс деңгейін жоғарылату немесе
төмендету үшін Дыбыс деңгейі +/-
түймесін басыңыз.
• Дыбысты өшіру үшін,
түймесін
басыңыз.
• Дыбысты қалпына келтіру үшін,
түймесін қайтадан басыңыз
немесе Дыбыс деңгейі +/- түймесін
басыңыз.
Дыбысты таңдау
Бұл бөлім бейне немесе музыка үшін тамаша
дыбысты таңдауға көмектеседі.
Дыбыс режимі
Бейнеге немесе музыкаға сай алдын ала
анықталған дыбыс режимдерін таңдаңыз.
1 Дисплей панелінен дыбыс опциясын
таңдау үшін SOUND түймесін басыңыз.
• AUTO: дыбыс ағынына негізделіп
дыбыс параметрін автоматты түрде
таңдау.
• M-CH: көп арналы көлемдік дыбыс
тыңдау параметрін жасау. Фильм
көруге ыңғайлы.
• PARTY: кеңейтілген стерео дыбысын
жасау. Кеш музыкасы үшін тамаша.
• STEREO: екі арналы стерео дыбысын
жасау. Музыканы тыңдау үшін
тамаша.
Эквалайзер
Бұл өнімнің жоғарғы жиілік (жоғарғы
дыбыс жиілігі) және төменгі жиілік (басс)
параметрлерін өзгертіңіз.
1 Жиілікті өзгерту үшін TREBLE +/- немесе
BASS +/- түймесін басыңыз.
Бейне мен дыбысты синхрондау
Егер дыбыс пен бейне синхрондалмаған
болса, дыбысты бейнеге сай болатындай
кідіртіңіз.
1 Дыбысты бейнемен үндестіру үшін
AUDIO SYNC +/- түймесін басыңыз.
Түн режимі
Ақырын тыңдау үшін түнгі режим дыбыс
ойнатылған кезде қатты дыбыстардың
деңгейін төмендетеді. Түн режимі тек Dolby
Digital динамиктері үшін қол жетімді.
1 Түн режимін қосу немесе өшіру үшін
NIGHT түймесін басыңыз.
• Түн режимі қосылғанда дисплейде
ON NIGHT (түн қосулы) белгішесі
дисплей панелінде бір рет айналады.
• Түн режимі өшірілгенде дисплейде
OFF NIGHT (түн өшірулі) белгішесі
дисплей панелінде бір рет айналады.