User manual
3KK
• Өнімді немесе басқа заттарды
қуат сымдарының немесе электр
жабдықтарының үстіне қоймаңыз.
• Өнім 5 °C градустан төмен
температурада тасымалданған болса,
оны қаптамасынан шығарыңыз да,
розеткаға жалғамай тұрып, бөлме
температурасына дейін жылынуын
күтіңіз.
• Осы өнімнің бөлшектері әйнектен
жасалуы мүмкін. Жарақат алмас үшін
және зақымданбас үшін абайлап ұстаңыз.
Қатты қызып кету қаупі бар!
• Бұл өнімді тар жерде орнатуға
болмайды. Желдетілуі үшін өнімнің
айналасында міндетті түрде кемінде он
сантиметр орын қалдырыңыз. Өнімдегі
желдеткіш тесіктердің перделер немесе
басқа заттармен жабылып қалмауын
қадағалаңыз.
Ластану қаупі!
• Батареяларды араластырып
пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе
көміртек және сілті, т.б.).
• Батареяны қайта қате салса, жарылыс
қауіпі туындайды. Дәл сондай немесе
соған тең түрімен ауыстырыңыз.
• Батареялардың заряды таусылған немесе
қашықтан басқару құралы ұзақ уақыт
пайдаланылмайтын болса, батареяларды
шығарыңыз.
• Ішінде химиялық заттар бар
болғандықтан, батареяларды дұрыс
тастау керек.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
• Өнімде/қашықтан басқару құрылғысында
жұтуға болатын тиынға/түймеге ұқсас
батарея болуы мүмкін. Барлық жағдайда
батареяны балалардан аулақ ұстаңыз!
Жұтылған жағдайда батарея ауыр
жарақатқа немесе өлімге себеп болуы
мүмкін. Жұтылғаннан кейін екі сағат
ішінде ішкі мүшелердің күйіп қалу қауіпі
бар.
• Батареяны жұтып қойды немесе
денесінің басқа жеріне кіріп кетті
деп күдіктенсеңіз, дереу дәрігерге
қаралыңыз.
• Батареяны ауыстыру кезінде, барлық
жаңа және ескі батареяларды
балалардың қолы жетпейтін жерде
ұстаңыз. Батареяны ауыстырғаннан кейін,
батарея бөлімінің жақсылап жабылғанын
тексеріңіз.
• Егер батарея бөлімін жақсылап жабу
мүмкін болмаса, өнімді қолданбаңыз.
Балалардың қолы жетпейтін жерге
қойып, өндірушіге хабарласыңыз.
Бұл қос изоляциясы бар және қорғағыш
жерге қосу қамтамасыз етілмеген II
СЫНЫПТЫ жабдық.
Өнім күтімі
Өнімді тек ұсақ талшықты шүберектермен
тазалаңыз.
Қоршаған ортаны күту
Ескірген бұйымдарды және батареяны жою
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.