User manual

2 KK
1 Маңызды
ақпарат
Өнімді қолданар алдында барлық
нұсқауларды оқып, түсініп алған жөн. Егер
нұсқауларды сақтамаудан зақым келсе,
кепілдік қолданылмайды.
Анықтама және қолдау
Кеңейтілген онлайн қолдауын алу үшін келесі
www.philips.com/support торабына кіріңіз:
пайдаланушы нұсқаулығы мен жылдам
бастау нұсқаулығын жүктеп алу;
бейне материалдарды қарау (тек кейбір
үлгілер үшін қол жетімді);
жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС)
жауаптарды табу;
электрондық пошта арқылы бізге сұрақ
жіберу;
қолдау көрсетуші өкілдермен сөйлесу.
Тілді таңдап, өніміңіздің үлгі нөмірін енгізу
үшін веб-сайттағы нұсқауларды орындаңыз.
Сонымен қатар, еліңіздегі тұтынушыларға
техникалық қызмет көрсету орталығына
хабарласуыңызға да болады. Хабарласу
алдында, өнімнің моделі мен сериялық
нөмірін жазып алыңыз. Бұл ақпаратты өнімнің
артқы немесе астыңғы жағынан таба аласыз.
Қауіпсіздік
Электр тоғының соғу немесе өрт шығу
қаупі бар!
Қандай да қосылымдарды жасау немесе
өзгерту алдында барлық құрылғылар
розеткадан ажыратылғанын тексеріңіз.
Өнімге немесе оның қосалқы
құралдарына жаңбыр немесе су тимеуі
керек. Өнімнің жанына ваза сияқты
сұйықтық құйылған ыдыстарды қоймаңыз.
Өнімге сұйықтықтар төгіліп кетсе, оны
дереу розеткадан ажыратыңыз. Өнімді
пайдаланбастан бұрын оны тексеріп алу
үшін тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Өнімді және қосалқы құралдарды оттың
немесе басқа қызу көздерінің жанына,
соның ішінде тікелей күн сәулесіне
қоймаңыз.
Өнімнің желдеткіш тесіктеріне немесе
басқа саңылауларына ештеңе салмаңыз.
Желі істікшесі немесе құралды
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде
қолданылғанда ажырату құрылғысы
жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Батареялар (батарея топтамасы немесе
орнатылған батареялар) күн сәулесі, от
немесе соған ұқсас шамадан тыс қызу
әсеріне ұшырамауы тиіс.
Найзағайлы бораннан бұрын өнімді
розеткадан ажыратып қойыңыз.
Электр шнурын ажыратқанда, ешқашан
кабелінен емес, әрдайым ашасынан
тартып суырыңыз.
Қысқа жүйе немесе өрт қауіпі!
Идентификаторды және жабдық
рейтингтерін өнімнің артындағы немесе
төменгі жағындағы түр тақтасында
көріңіз.
Өнімді розеткаға қоспай тұрып, электр
кернеуі өнімнің артында жазылған мәнге
сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер кернеу
басқа болса, өнімді розеткаға қосушы
болмаңыз.
Жарақаттану немесе өнімге зақым келу
қауіпі бар!
Қабырғаға ілінетін өнімдерді
тек жинақпен берілген қабырға
кронштейнімен іліңіз. Қабырға
кронштейнін өнім мен қабырға
кронштейнінің салмағын ұстап тұра
алатын қабырғаға орнатыңыз. Gibson
Innovations компаниясы апатты,
жарақатты немесе зақымды тудыратын
қабырғаға дұрыс орнатпау үшін
ешқандай жауапкершілікті алмайды.