User manual

14 KK
3 NFC құрылғысында дыбыс файлдарын
немесе музыканы таңдап, ойнатыңыз.
Қосылымды үзу үшін осы өнімдегі
NFC тегіне NFC құрылғысын қайта
тигізіңіз.
Автоматты күту режимі
Жалғанған құрылғыдағы мультимедианы
ойнатқанда, 15 минут бойы ешбір түйме
басылмаса және жалғанған құрылғыдан
дыбыс/бейне ойнатылмаса, бұл өнім күту
режиміне автоматты түрде өтеді.
Зауыттық параметрлерді
қолдану
Бұл өнімді зауытта бағдарламаланған әдепкі
параметрлерге қалпына келтіре аласыз.
1 AUX режимінде қашықтан басқару
құралындағы Дыбыс деңгейі -, BASS -
және TREBLE - түймелерін кезекпен үш
секунд ішінде басыңыз.
» Зауыттық параметрлерді қалпына
келтіру аяқталған кезде бұл өнім
автоматты түрде өшеді және қайта
іске қосылады.
5 Бағдарламалық
құралды
жаңарту
Ең жақсы мүмкіндіктерді және қолдауды
алу үшін бұл өнімді соңғы бағдарламамен
жаңартыңыз.
Бағдарламалық жасақтама
нұсқасын тексеру
HDMI ARC көзінде қашықтан басқару
құралындағы TREBLE -, BASS - және Дыбыс
деңгейі - түймелерін кезекпен үш секунд
ішінде басыңыз.
» Бағдарламалық құрал нұсқасының нөмірі
дисплей панелінде көрсетіледі.
Бағдарламалық құралды USB
арқылы жаңарту
Ескерту
Бағдарламалық құралды жаңарту орындалып
жатқанда қуатты өшірмеңіз немесе USB флэш
дискісін шығарып алмаңыз, себебі осы өнімді
зақымдауыңыз мүмкін.
1 Ең соңғы бағдарламалық құрал нұсқасын
www.philips.com/support бетінен
тексеріңіз.
Үлгіні іздеп, «Бағдарламалық құрал
мен драйверлер» санатын басыңыз.