User manual

13KK
2 Bluetooth құрылғысында Bluetooth
қызметін қосыңыз, байланысты бастау
үшін Philips CSS5330 опциясын
іздеп тауып, таңдаңыз (Bluetooth
қызметін қосу жолы туралы Bluetooth
құрылғысының пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз).
Алғаш рет қосқанда кейбір мобильді
құрылғыларда жұптау туралы сұрау
хабары пайда болады, қосылымды
орнату үшін «YES» (Иә) жауабын
таңдаңыз.
» Қосылу барысында дисплей
панеліндегі BT жыпылықтайды.
3 Осы өнім дыбыстық сигнал шығарғанша
күтіңіз.
» Bluetooth байланысы сәтті
орнатылғанда, дисплей панелінде BT
көрсетіледі.
» Байланыс орнатылмаса, дисплей
панелінде BT үздіксіз жыпылықтайды.
4 Bluetooth құрылғысында дыбыс
файлдарын немесе музыканы таңдап,
ойнатыңыз.
Ойнату кезінде қоңырау қабылданса,
музыка ойнату уақытша тоқтатылады.
Егер Bluetooth құрылғысы AVRCP
профилін қолдайтын болса, әуенді
өткізу үшін қашықтан басқару
құралындағы
/ түймесін
басыңыз немесе ойнатуды уақытша
тоқтату/жалғастыру үшін
түймесін басыңыз.
5 Bluetooth құрылғысынан шығу үшін басқа
көзді таңдаңыз.
Bluetooth режиміне қайта ауысқанда
Bluetooth байланысы белсенді болып
қалады.
Ескертпе
Музыка ағыны құрылғы мен осы өнім арасындағы
қабырға, құрылғыны жабатын металл корпус немесе
бірдей жиілікте жұмыс істейтін жақын жердегі басқа
құрылғылар сияқты кедергілерден үзілуі мүмкін.
Бұл өнімді басқа Bluetooth құрылғысымен қосқыңыз
келсе, ағымдағы Bluetooth қосылымын тоқтату үшін
қашықтан басқару құралындағы
түймені басып
тұрыңыз.
NFC арқылы Bluetooth қосу
NFC (жақын арадағы байланыс) мобильді
телефондары сияқты NFC-қосылған
құрылғылары арасындағы қысқа ауқымды
сымсыз байланысты іске қосатын технология
болып табылады.
Қажетті әрекеттер
NFC функциясы бар Bluetooth
құрылғысы.
Жұптастыру үшін осы өнімнің NFC
тегіндегі NFC құрылғысын түртіңіз.
1 Bluetooth құрылғысындағы NFC іске
қосыңыз (мәліметтер үшін құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
2 NFC құрылғысын осы өнімнің NFC
тегіне осы өнім дыбыстық сигнал
шығарғанша тигізіңіз.
Алғаш рет қосқанда кейбір мобильді
құрылғыларда жұптау туралы сұрау
хабары пайда болады, қосылымды
орнату үшін «YES» (Иә) жауабын
таңдаңыз.
» Bluetooth қосылымы сәтті
орнатылғанда, дисплей панелінде BT
көрсетіледі.
» Қосылым сәтсіз орнатылғанда,
дисплей панелінде BT үздіксіз
жыпылықтайды.