User manual
10 KK
Динамиктерді орнату
Бапталған көлемдік дыбысты алу үшін
динамиктер параметрлерін қолмен
орнатыңыз.
Бастау алдында
Қысқаша іске қосу нұсқаулығында сипатталған
қажетті қосылымдарды орындаңыз.
Динамик аралығын реттеу
Сымсыз қосылым дыбыс кідірісін шақырады.
Алдыңғы динамиктер мен сабвуфер арасында
дыбыс шығысын синхрондау үшін динамик
аралығын реттеңіз.
1 Реттеу режимін енгізу үшін DELAY
түймесін басыңыз.
» Дисплей панелі DELAY ADJ (кідірісті
реттеу) белгішесін айналдырады.
• Реттеу режимінен шығу үшін EXIT
SETTINGS түймесін басыңыз немесе
түймені 3 секунд бойы баспасаңыз,
реттеу режимінен шығады.
2 Аралық реттеуіне динамикті таңдау үшін
DELAY түймесін қайта басыңыз.
3 Таңдалған динамиктің аралығын реттеу
үшін Дыбыс деңгейі +/- түймесін
басыңыз.
• Реттеу режимінен сақтаусыз шығу
үшін EXIT SETTINGS түймесін
басыңыз немесе ешқандай әрекет
орындалмаса, түймені 3 секунд
басыңыз.
4 Басқа динамиктердің аралығын реттеу
үшін 2-ші және 3-ші қадамды қайталаңыз.
5 Реттеу аяқталғаннан кейін шығу үшін
EXIT SETTINGS түймесін басыңыз.
» Мән сақталып, қолданылады.
Динамиктің дыбыс деңгейін реттеу
Динамиктің дыбыс деңгейін оңтайлы
көлемдік дыбысқа реттеңіз.
1 Реттеу режимін енгізу үшін VOL
түймесін басыңыз.
» Дисплей панелі SPKR VOL
(динамиктің дыбыс деңгейі)
белгішесін айналдырады.
• Реттеу режимінен шығу үшін EXIT
SETTINGS түймесін басыңыз немесе
ешқандай әрекет орындалмаса,
түймені 3 секунд басыңыз.
2 Динамиктерден сынақ дыбысын ойнату
үшін VOL түймесін басыңыз.
3 Содан соң, дыбыс деңгейін реттейтін
динамикті таңдау үшін VOL түймесін
басыңыз.
4 Таңдалған динамиктің дыбыс деңгейін
реттеу үшін Дыбыс деңгейі +/- түймесін
басыңыз.
• Реттеу режимінен сақтаусыз шығу
үшін EXIT SETTINGS түймесін
басыңыз немесе ешқандай әрекет
орындалмаса, түймені 3 секунд
басыңыз.
5 Басқа динамиктердің дыбыс деңгейін
реттеу үшін 3-ші және 4-ші қадамды
қайталаңыз.
6 Реттеу аяқталғаннан кейін шығу үшін
EXIT SETTINGS түймесін басыңыз.
» Мән сақталып, қолданылады.