User manual

9KK
Сандық құрылғыларды
HDMI арқылы жалғау
Телеприставка, DVD/Blu-ray ойнатқышы
немесе ойын консолі сияқты сандық
құрылғыны осы өнімге бір HDMI жалғау
жүйесі арқылы қосыңыз. Құрылғыларды
осылайша жалғағанда және файлды немесе
ойынды ойнатқанда,
теледидарда бейне көрсетіледі және
бұл өнімде дыбыс автоматты түрде
шығады.
1 Жылдамдығы жоғары HDMI кабелін
пайдаланып сандық құрылғыдағы HDMI
OUT қосқышын осы өнімдегі HDMI IN
қосқышына қосыңыз.
2 Бұл өнімді теледидарға HDMI OUT
(ARC) арқылы жалғаңыз.
Егер ТД HDMI CEC үйлесімді
болмаса, теледидарды дұрыс бейне
кірісін таңдаңыз.
3 Жалғанған құрылғыда HDMI-CEC
әрекеттерін қосыңыз. Мәліметтер
алу үшін құрылғының пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз.
Дыбысты теледидардан
және басқа құрылғылардан
қосу
Бұл өнімнің динамиктері арқылы теледидар
немесе басқа құрылғылардың дыбысын
ойнатыңыз.
Бұл өнімде, теледидарда және басқа
құрылғыларда қол жетімді ең жақсы сапалы
қосылымды пайдаланыңыз.
Ескертпе
Бұл өнім мен теледидар HDMI ARC арқылы
қосылған кезде, дыбыстық қосылым қажет емес.
1-параметр: Дыбысты сандық
оптикалық кабель арқылы қосу
Ең жақсы сапалы дыбыс
1 Оптикалық кабельді пайдаланып осы
өнімдегі OPTICAL IN қосқышын
теледидардағы немесе басқа
құрылғыдағы OPTICAL OUT қосқышына
қосыңыз.
Сандық қосқышта SPDIF немесе
SPDIF OUT белгісі болуы мүмкін.
2-параметр: дыбысты аналогтық
дыбыстық кабельдер арқылы қосу
Қарапайым сапалы дыбыс
1 Осы өнімдегі AUDIO IN (3,5 мм ұя)
қосқыштарын теледидардағы немесе
басқа құрылғыдағы AUDIO OUT
қосқыштарына (қызыл және ақ) аналогты
кабельді пайдаланып жалғаңыз.
2 AUX режиміне ауысу үшін қашықтан
басқару құралында AUX түймесін
басыңыз.
TV
AUDIO OUT
RL