User manual
8 KK
Сабвуфермен жұптау
Негізгі құрылғы мен сабвуферді қосқанда
сымсыз қосылым үшін сымсыз сабвуфер
негізгі құрылғымен автоматты түрде
жұптасады.
Егер сымсыз сабвуферден дыбыс естілмесе,
жұптастыру үшін төмендегілерді орындаңыз.
1 Негізгі құрылғы мен сабвуферді қосыңыз.
» Егер негізгі құрылғымен байланыс
үзілсе, сабвуфердегі ақ ЖШД баяу
жыпылықтайды.
2 Жұптастыру режиміне өту үшін
сабвуфердегі PAIRING (ЖҰПТАУ)
түймесін басыңыз.
» Сабвуфердегі ақ ЖШД жылдам
жыпылықтайды.
3 OPTICAL режимінде (OPTICAL
түймесін басыңыз) қашықтан басқару
құралында алты секунд ішінде
түймесін екі рет, одан кейін Дыбыс
деңгейі + түймесін бір рет басыңыз,
одан кейін BASS + түймесін басып
тұрыңыз.
» Егер сәтті жұптастырылса,
сабвуфердегі ақ ЖШД жанады.
» Егер жұптаса алмаса, сабвуфердегі ақ
ЖШД баяу жыпылықтайды.
4 Жұптау сәтсіз болса, жоғарыдағы
қадамдарды қайталаңыз.
Теледидарға жалғау
Бұл өнімді теледидарға қосыңыз. Бұл
өнімнің динамиктері арқылы теледидар
бағдарламаларының аудиосын тыңдауыңызға
болады.
Теледидарға HDMI (ARC) арқылы
қосылу
Ең жақсы сапалы дыбыс
Бұл өнім Дыбысты қайтару арнасы (ARC)
мүмкіндігі бар HDMI көзін қолдайды.
Теледидар HDMI ARC көзімен үйлесімді
болса, бір HDMI кабелін пайдаланып,
теледидар дыбысын осы өнім арқылы
есітуіңізге болады.
1 Жылдамдығы жоғары HDMI кабелін
пайдаланып, осы өнімдегі HDMI OUT
(ARC) қосқышын теледидардағы HDMI
ARC қосқышына қосыңыз.
• Теледидардың HDMI ARC
қосқышының белгісі басқа болуы
мүмкін. Мәліметтерді теледидардың
пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
2 Теледидарда HDMI-CEC әрекеттерін
қосыңыз. Мәліметтерді теледидардың
пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
Ескертпе
•
Теледидар HDMI ARC көзімен үйлесімді болмаса,
теледидар дыбысын осы өнім арқылы есту үшін
аудио кабельді жалғаңыз.
• Теледидардың DVI қосқышы бар болса, теледидарға
қосылу үшін HDMI/DVI адаптерін пайдалануға
болады. Бірақ, кейбір мүмкіндіктер қол жетімді
болмауы мүмкін.
TV