User manual
5KK
3 Жұмысты
бастау
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті
бойынша орындаңыз.
Қуат көзі
Осы өнімнің қуат көзі ретінде АТ қуатын
немесе батареяны пайдалануға болады.
1-әдіс: батарея қуаты
Динамик кірістірілген қайта зарядталатын
батареямен жұмыс істейді.
Ескертпе
• Зарядталатын батареяның зарядтау айналымы
шектеулі. Батареяның қызмет ету мерзімі мен
зарядтау кезеңдерінің саны қолданысқа және
параметрлеріне байланысты әр түрлі болады.
• Батареяны толығымен зарядтау шамамен үш сағат
алады.
• Батарея заряды төмен кезде қызыл ЖШД
индикаторы жыпылықтайды.
Ішкі батареяны зарядтау үшін:
• Динамикті зарядтау қондырғысына
қойып, берілген адаптерді пайдаланып,
динамикті айнымалы ток қуатына
жалғаңыз не болмаса
• Берілген адаптерді тікелей пайдаланып,
динамикті айнымалы ток қуатына
жалғаңыз не болмаса
• USB кабелін мыналардың арасында
жалғаңыз
• динамиктегі ұясы және
• компьютердегі USB ұяшығы.
Динамикті өшіріп, зарядтап жатқанда ЖШД
индикаторы төмендегідей болады.
ЖШД
индикаторы
Батарея күйі
Қып-қызыл Зарядталып жатыр
Өшіру Толық зарядталған
2-әдіс: айнымалы ток қуаты
Ескерту
• Өнімді бұзып алу қаупі! Динамиктің артында немесе
астында көрсетілген кернеуге қуат кернеуі сәйкес
екенін тексеріңіз.
• Ток соғу қаупі бар! Айнымалы ток адаптерін
ажыратқанда, ашаны әрқашан розеткадан суырыңыз.
Сымды ешқашан тартпаңыз.










