Addendum User Manual
Пайдаланушы нұсқаулығына
қосымша
1. Bluetooth арқылы жұптастыру
Ескертпе: Play-Fi CAP жүйесінің 506.3.0.063 немесе 506.3.0.077
нұсқасы бар бұл құрылғыны пайдалану үшін
Bluetooth арқылы жұптастырмай тұрып Play-fi/Wi-Fi
байланысының параметрлерін реттеу және оның
жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету қажет. Өнімді
бірінші рет пайдаланған кезде Play-fi/Wi-Fi
параметрлерін реттеу үшін пайдаланушы
нұсқаулығындағы "Wi-Fi (сымсыз байланыс) желісіне
қосу" бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз.
Bluetooth арқылы жұптастыру процедурасы:
1. Құрылғыны Bluetooth көзіне қосыңыз.
2. Қашықтан басқару пультіндегі Сигнал көзі түймесін
3 секундтан артық басып тұрыңыз. Болмаса, BT PAIR
таңдау үшін параметрлер мәзірі түймесін басыңыз
және іске қосу үшін > түймесін басыңыз.
3. Телефондағы/планшеттегі қолжетімді құрылғылар
тізімінен XXXXX-BT деп аталатын құрылғыны табыңыз
(XXXXX – бұл Play-Fi реттеу кезінде таңдалған атау).
4. Тізімнен XXXXX-BT атауын таңдап, Bluetooth байланысы
орнатылғанша күтіңіз. Ол әдетте 1-2 секундта орнатылады.

