operation manual

Сақтау
- Қыратын ұстараның қорғаныс қақпағын ұстараға кигізіп қойыңыз,
сонда оны зақымдардан сақтайсыз.
- Тек AT941/AT940/AT897/AT894/AT892/AT891/AT890 үлгісінде:
ұстараны берілген қалтада сақтаңыз.
Ауыстыру
Жақсылап қырыну үшін, қыру бастарын жыл сайын ауыстырып тұрған жөн.
Ауыстыру туралы ескерту
Қырыну басы белгісі қырыну басын ауыстыру қажеттігін көрсету үшін
жанады. Дәл қазір зақымдалған қырыну басын ауыстырыңыз.
Қырыну бастарын тек түпнұсқа HQ9 (AT941/AT940) немесе HQ8
(AT899/AT897/AT896/AT894/AT892/AT891/AT890/AT790/AT756/AT753/
AT751/AT750) Philips қырыну бастарымен ауыстырыңыз.
1 Қырыну басы белгісі үздіксіз қызғылт сары болып жанады.
2 Ұстараны өшіріңіз. Ұстараны электр қуатынан ажыратыңыз
немесе зарядтау тұғырынан алып тастаңыз. (тек AT940/AT921
үлгісінде).
3 Босататын түймені басып, ұстараның қыратын бөлігін ашыңыз.
4 Қырыну бөлігін қырыну ұстарасынан тартып алыңыз.
5 Бекітпені солға қарай бұрап, (A), қорғауыш жақтауын шығарып
алыңыз (A).
6 Қыратын бастарды алып, жаңа қыратын бастарды қыратын бөлікке
салыңыз.
Ұстараның қыратын басының томпиып тұрған бөлігі тесікшеге дәлме
дәл түсуі тиіс.
ҚАЗАҚША 99