operation manual
Table Of Contents

90
Ескерту
- Ұстараны 80°C-тан жоғары ыстық сумен шаюға болмайды.
- Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолды күйдіріп алмас үшін,
судың ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.
- Ұстара және басқа бөлшектерді ыдыс жуғышта жууға болмайды.
- Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы тесіктен
су ағуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті емес,
себебі бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су
өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
- Зақымданған ұстараны, адаптерді немесе басқа
бөлікті пайдаланбаңыз, себебі бұл жарақаттауы мүмкін.
Зақымданған адаптерді немесе зарядтау тұғырын міндетті түрде
түпнұсқалық түрінің бірімен ауыстырыңыз.
- Құралды тек 10°C және 35°C температура аралығында ғана
қолдануға, зарядтауға және сақтауға болады.
- Ұстараны міндетті түрде сұйықтық өткізбейтін бетке қойып,
пайдаланыңыз.
- Тек берілген адаптерді, зарядтау тұғырын және қосалқы құралдарды
пайдаланыңыз.
- Саяхаттау кезінде қырыну бастарын сақтау үшін, оның үстіне
қорғаныш қалпағын кигізіп қойыңыз.
- Егер ұстара температура, қысым немесе ылғалдылық өзгерісіне
ұшыраса, оны пайдаланбастан бұрын, ортаға бейімделу үшін
30 минуттай қойыңыз.
- Зарядтау тұғырын суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға да,
ағын сумен шаюға да болмайды.
Стандарттарға сәйкестігі
- Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты
барлық қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Жалпы ақпарат
- Құралда кернеудің автоматты таңдағышы бар, сондықтан, кернеуі
100 және 240 вольт аралығындағы розеткаларға жалғауға болады.
- Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге
түрлендіреді.
Зарядтау
Ескертпе. Электр ұстараны розеткаға тікелей жалғап пайдалануға
болмайды.
Ұстараны алғаш рет немесе ұзақ уақыт бойы қолданбағаннан соң
зарядтағанда, зарядтау шамы тоқтаусыз жанғанша зарядтаңыз.
Ұстараны зарядтау уақыты үшін төмендегі кестені қараңыз.
ҚАЗАҚША