AC1711 Пайдаланушы нұсқаулығы
Мазмұны 1 2 3 4 5 6 7 8 Маңызды �������������������������������������������������������������������������������� 2 Қауіпсіздік ����������������������������������������������������������������������������������������������2 Электромагниттік өрістер (ЭМӨ) ��������������������������������������������������4 Өңдеу �������������������������������������������������������������������������������������������������������4 Ауа тазартқыш ���������������������������������������������������������������������
1 Маңызды Қауіпсіздік Құралды қолданбастан бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз. Қауіпті жағдайлар • Ток соғуын және/немесе өртті болдырмау үшін құрылғыны сумен, кез келген басқа сұйықтықпен немесе (тұтанғыш) заттармен тазаламаңыз және де құрылғыға олардың түспеуін қадағалаңыз. • Құрылғы айналасында инсектицидтер немесе әтір сияқты ешбір тұтанғыш материалдарды бүркемеңіз.
Ескерту • Бұл құрылғыны дұрыс вентиляция жасау үшін, әдеттегі шаңсорғыш ретінде немесе тамақ пісіріп жатқанда түтін сорғыш не желдеткіш ретінде қолдануға болмайды. • Әрқашан құралды құрғақ, тұрақты, тегіс және көлденең бетке қойыңыз және пайдаланыңыз. • Құрылғының кемінде 20 см және үстіңгі жағынан кемінде 30 см бос орын қалдырыңыз. • Аспапқа отырмаңыз және тұрмаңыз. Құрылғының жоғарғы жағына ешнәрсе қоймаңыз. • Құралға конденсаттың тамуын болдырмау үшін құралды тікелей салқындатқыш астына қоймаңыз.
• • Құралды ванна, дәретхана, ас үй немесе үлкен температура өзгерістері бар бөлме сияқты дымқылдығы немесе температурасы жоғары бөлмеде қолдануға болмайды. Құрылғы көмірқышқыл тотығын (CO) немесе радонды (Rn) шығармайды. Оны жану процестерімен және қауіпті химикаттармен байланысты сәтсіз жағдайда қауіпсіздік құрылғысы ретінде пайдалануға болмайды. Электромагниттік өрістер (ЭМӨ) Бұл құрылғы электрмагниттік өрістердің әсеріне қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сай.
2 Ауа тазартқыш Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Басқару құралдарына шолу Басқару тақтасының түймелері Жарық қосу/өшіру түймесі Қуатты қосу/өшіру түймесі Режимін ауыстыру түймесі Дисплейлі панель Автоматты режим 1-жылдамдық 2-жылдамдық Турбо режимі Дем алу режимі PM2.
3 Іске қосу Сүзгіні орнату Құрылғыны алғаш пайдалану алдында сүзгінің барлық бумасын алып тастаңыз. Ескертпе: Сүзгіні орнатпастан бұрын ауа тазартқыштың электр розеткасынан ажыратылғанын тексеріңіз. 1 1 2 3 4 5 2 3 4 5 Артқы қақпағын тартып, оны құрылғыдан шығарыңыз. Сүзгіні құралдан шығарып алыңыз. Ауа тазартқышы сүзгісінің барлық қаптама материалдарын алыңыз. Фильтрді қайтадан құралға салыңыз. Артқы қақпағын қайта тіркеңіз.
4 Ауа тазартқышты қолдану Ауа сапасының шамы туралы түсінік Ауа сапасының шамы ауа тазартқыш қосылғанда автоматты түрде жанады және барлық түстер кезекпен жанады. Шамамен 30 секундтан кейін ауа сапасы сенсорлары аэрозоль бөлшектері ортасының ауа сапасына сәйкес түсті таңдайды. Ауа сапасы шамының түсі PM2.5 және IAI көрсеткіштері бойынша ең жоғары қауіп индексімен анықталады. Ауа сапасы шамының түсі Ауа сапасының деңгейі Көк Жақсы Көк-қызылкүрең Орташа Қызылкүрең-қызыл Нашар Қызыл Өте нашар PM2.
Қосу және өшіру Ескертпе: • Оңтайлы тазалау нәтижесін алу үшін есіктер мен терезелерді жабыңыз. • Перделерді ауа кіретін мен шығатын жерінен алшақ ұстаңыз. 1 Ауа тазартқыштың штепселін электр розеткасына қосыңыз. 2 Ауа тазартқышты қосу үшін түймесін басыңыз. » Ауа тазартқыш дыбыс шығарады. » Қыздыру кезінде экранда « » жазуы көрсетіледі. Кейін ауа тазартқыш ауа сапасын өлшегеннен кейін PM2.5/IAI деңгейін көрсетеді. » Ауа тазартқыш автоматты режимде жұмыс істейді, экранда IAI көрсетіледі.
Турбо режим ( ): ауа тазартқыш ең жоғары жылдамдықта жұмыс істейді. Ұйқы режимі ( ): ауа тазартқыш тыныш төмен жылдамдықта жұмыс істейді. 3 секундтан кейін экран жарығы өшеді. Көрсету индикаторын ауыстырып қосу Ескертпе: Құрал әдепкі қалпы бойынша PM2.5 деңгейін көрсетеді. • Дисплейді IAI /PM2.5 арасындағы индикаторда қосу үшін түймесін басып тұрыңыз.
жарықтарды ояту үшін кез келген түймені түртуге болады. Одан кейін ешбір әрекет орындалмаса, барлық жарықтар қоршаған орта жарығымен сәйкес болу үшін қайта өшеді немесе күңгірттенеді. Барлық жарықтар мен басқару тақтасын өшіру үшін, түймесін қолмен қосып, өшіруге болады. Барлық жарықтарды ояту үшін кез келген түймені түртіңіз. 5 Тазалау және техникалық қызмет көрсету Ескертпе: • Тазалау алдында, құралды әрқашан розеткадан ажыратыңыз.
Бөлшек датчигін тазалау Құрылғының оңтайлы жұмыс істеуі үшін бөлшек датчигін 2 ай сайын тазалап отырыңыз. Ескертпе: • Ауа тазартқыш шаңды ортада пайдаланылатын болса, оны жиі тазалау қажет. • Бөлмедегі ылғалдылық деңгейі өте жоғары болса, ауа сапасының датчигінде конденсат түзіліп, бөлшек датчигі ауа сапасы іс жүзінде жақса болса да, нашар ауа сапасын көрсетуі мүмкін. Егер осы жағдай орын алса, бөлшек датчигін тазалаңыз. 2 1 2 3 4 5 3 5 Ауа тазартқышты өшіріп, электр розеткасынан ажыратыңыз.
2 3 4 5 6 2 3 4 5 6 7 Артқы қақпағын тартып, оны құрылғыдан шығарыңыз. Сүзгіні құралдан шығарып алыңыз. Сүзгі бетін шаңсорғыштың көмегімен тазалаңыз. Фильтрді қайтадан құралға салыңыз. 9 Артқы қақпағын қайта тіркеңіз. Ауа тазартқыштың штепселін электр розеткасына қосыңыз. 8 Құрылғыны қосу үшін түймесін басыңыз. 9 Сүзгі ауыстыру уақытын қайта орнату үшін және түймелерін 3 секунд басып тұрыңыз. 10 Сүзгіні тазалағаннан кейін қолыңызды тазалап жуыңыз.
Сүзгіні ауыстыру Ескертпе: • Сүзгіні жуу немесе қайта пайдалану мүмкін емес. • Сүзгілерді ауыстырмастан бұрын ауа тазартқышын өшіріп, электр розеткасынан суырыңыз. Сүзгінің ескерту шамының күйі Әрекет Сүзгіні ауыстыру дабылы жанады NanoProtect сүзгісін (FY1700/30) ауыстыру 1 Ауа тазартқышты өшіріп, электр розеткасынан ажыратыңыз. 2 2 3 4 5 6 7 3 4 5 6 Артқы қақпағын тартып, оны құрылғыдан шығарыңыз. Сүзгіні құралдан шығарып алыңыз. Жаңа сүзгіден барлық қаптама материалдарын алыңыз.
Сүзгінің қызмет ету мерзімінің санағышын бастапқы күйге келтіру Сүзгіні сүзгі ауыстыру дабылы ( ) экранда пайда болғаннан бұрын ауыстыруға болады. Сүзгіні ауыстырғаннан кейін, сүзгінің қызмет ету мерзімінің санағышын қолмен бастапқы күйге келтіру қажет болады. 1 Құрылғыны өшіру үшін қуат түймесін 3 секунд басып тұрыңыз, содан соң айырды розеткадан суырып алыңыз. 2 3 + 3s 2 Ашаны қуат розеткасына қосыңыз.
7 Ақауларды жою Бұл тарауда құралда орын алуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған. Егер төменде берілген ақпарат көмегімен ақаулық жойылмаса, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз. Мәселе Мүмкін шешімі Құрал тиісті түрінде жұмыс істемейді. • Сүзгіні ауыстыру дабылы үздіксіз қосылды, бірақ тиісті сүзгі ауыстырылмады. Соның нәтижесінде, құрылғы енді құлыпталады.
Мәселе Мүмкін шешімі Құралдан жағымсыз иіс шығады. • Құрылғыны алғаш бірнеше рет қолданғанда одан пластмассаның иісі шығуы мүмкін. Бұл әдеттегі нәрсе. Алайда, егер сүзгілерді алып тастағаннан кейін де, құрылғыдан күйік иісі шығып тұрса, Philips дилеріне немесе Philips уәкілетті сервис орталығына жүгініңіз. Сүзгі ішкі газдардың сіңуіне байланысты пайдаланылғаннан кейін иіс шығаруы мүмкін. Сүзгіні қайта пайдалану үшін тікелей күн сәулесіне қою арқылы қайта белсендіру ұсынылады.
8 Кепілдік және қолдау Versuni компаниясы сатып алғаннан кейін осы өнімге екі жылдық кепілдік береді. Егер ақау дұрыс пайдаланбау немесе сапасыз техникалық қызмет көрсету салдарынан болса, бұл кепілдік күшін жояды. Біздің кепілдік тұтынушы ретінде сіздің заңды құқықтарыңызға әсер етпейді. Қосымша ақпарат алу үшін немесе кепілдікті пайдалану үшін біздің веб-сайтқа кіріңіз www.philips.com/support.
Philips және Philips Shield Emblem - Koninklijke Philips N.V. компаниясының тіркелген сауда белгілері болып табылады. және лицензия бойынша пайдаланылады. Бұл өнімді Versuni Holding B.V. шығарған және оның жауапкершілігімен сатылады және Versuni Holding B.V. осы өнімге қатысты кепілгер болып табылады. 2023 © Versuni Holding B.V. AC1711_EU_UM_v1.