User Guide

Table Of Contents
4 - INFO
Бағдарлама туралы ақпаратты ашады немесе жабады.
5 - Арна
Арналар тізімінде келесі немесе алдыңғы арнаға ауыстыру
үшін + немесе - түймесін басыңыз. Мәтінде/телемәтінде
келесі немесе алдыңғы бетті ашады.
6 - Дыбысты өшіру
Дыбысты өшіреді немесе оны қалпына келтіреді.
7 - Сақтау
Қолданбалардан немесе негізгі экраннан Сақтау
қойындысын ашады.
3.2
Инфрақызыл сенсор
Теледидар пәрмендер жіберу үшін ИҚ (инфрақызыл)
сәулелерді пайдаланатын қашықтан басқару
құралдарынан пәрмендерді ала алады. Мұндай қашықтан
басқару құралын пайдалансаңыз, қашықтан басқару
құралын теледидардың алдыңғы жағындағы инфрақызыл
сенсорға бағыттаңыз.
Ескерту
Теледидардың инфрақызыл сенсорының алдыңғы жағына
ешбір зат қоймаңыз, оның инфрақызыл сенсорды
блоктауы мүмкін.
3.3
Батареялар мен тазалау
Батареяларды алмастыру
Қашықтан басқару құралының батареялары туралы толық
ақпарат алу үшін өнім бумасындағы Жылдам бастау
нұсқаулығы құжатын қараңыз.
Егер теледидар қашықтан басқару құралындағы пернені
басқанда реакция бермесе, батареялар қуаты таусылған
болуы мүмкін.
Батареяларды ауыстыру үшін қашықтан басқару
құралының артындағы батареялар бөлімін ашыңыз.
1 - Батарея есігін көрсеткі көрсететін бағытта сырғытыңыз.
2 - Ескі батареяларды жаңаларымен алмастырыңыз.
Батареялардың + және - жақтары дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
3 - Батарея есігін орнына салыңыз және шырт еткенше
артқа сырғытыңыз.
• Қашықтан басқару құралын ұзақ уақыт бойы
пайдаланбағанда батареяларды шығарып алыңыз.
• Ескі батареяларды пайдалану соңындағы нұсқауларға
сай қоқысқа қауіпсіз тастаңыз.
Қосымша ақпарат үшін Анықтама ішінен Кілтсөздер
опциясын таңдап, Пайдалануды аяқтау деп іздеңіз.
Тазалау
Қашықтан басқару құралы сырылмайтын бетке қойылады.
Қашықтан басқару құралын тазалау үшін жұмсақ әрі
дымқыл шүберекті қолданыңыз. Теледидар мен қашықтан
басқару құралына спирт, химиялық заттар немесе
тұрмыстық тазалағыштар сияқты заттарды қолданбаңыз.
3.4
Джойстик - Жергілікті басқару
Теледидардағы түймелер
Қашықтан басқару құралын жоғалтып алсаңыз немесе
батареялары бос болса, кейбір негізгі теледидар
операцияларын әлі де орындауға болады.
Негізгі мәзірді ашу үшін…
1 - Теледидар қосулы кезде, негізгі мәзірді ашу үшін
теледидардың астындағы джойстик түймесін басыңыз.
2 - Volume (Дыбыс деңгейі), Channel (Арна) немесе
Sources (Көздер) опцияларын таңдау үшін сол немесе
оң жақтарын басыңыз. Demo фильмін бастау үшін Демо
опциясын таңдаңыз.
3 - Дыбыс деңгейін реттеу немесе келесі не алдыңғы
арнаға өту үшін жоғары немесе төмен басыңыз. Ресурстар
тізімі, оның ішінде тюнер таңдауы арқылы ауысу үшін
9