User Guide

Table Of Contents
1
Негізгі экранның
көрінісі
Smart TV артықшылықтарын толық пайдалану үшін
теледидарды интернетке жалғаңыз. Негізгі экранға өту
үшін қашықтан басқару құралындағы (Home) пернесін
басыңыз. Смартфо немесе планшеттегідей, негізгі экран
теледидардың орталығы болып табылады.
Қолданбалардан және тікелей теледидардан ойын-сауық
нұсқаларын шолу арқылы нені көру туралы негізгі экранда
шешім қабылдауға болады.
Негізгі экран таңдаулы бағдарламалардан көптеген
мазмұнды табуға мүмкіндік беретін қатарлар түрінде
ұйымдастырылған. Қолданбалар негізгі экранда жеке
қатарлар ретінде өз таңдауы бойынша ұсыныстамаларын
(егер болса) таратуы мүмкін.
Негізгі экрандағы ерекшеліктер
Басты бет, Дүкен және Іздеу сияқты көптеген
қойындылар арқылы сервистер мен танымал
қолданбалардан фильмдер мен шоуларды таба аласыз.
Дүкен қойындысы – фильмдерді онлайн режимде жалға
алуға, жаңалықтарды оқуға, бейнелерді қарауға және
музыка тыңдауға, сонымен қатар желідегі теледидарларға
сәйкес келген кезде теледидар бағдарламаларын қарауға
мүмкіндік беретін қолданбалар жиынтығы. Сондай-ақ,
Іздеу қойындысы арқылы іздеу үшін мәтін енгізу өрісін
іске қосуға болады.
Менің мазмұным
Таңдаулы қолданбаларыңыз бірінші қатарда орналасады.
Бұл қатарда алдын ала орнатылған қолданбалар
қамтылған. Бұл қолданбалардың реті мазмұн қызметінің
жеткізушілерімен жасалған іскери келісімдерге сәйкес
орнатылады. Бұл қатардан Watch TV (Теледидар
қарау), Sources (Көздер), Media (Медиа) және тағы басқа
қолданбаларды табуға болады.
Live TV
Live TV қатары орнатылған арналардың қазір қосулы
тұрған бағдарламаларын көрсетеді.
YouTube және Netflix
Бұл қатарда ұсынылған жазылымдар немесе трендтегі
YouTube және Netflix бейнелері қамтылады.
Негізгі экраннан параметрлерге кіру
Жоғарғы оң жақ бұрыштағы белгіше арқылы Барлық
параметрлер мәзіріне кіруге болады. Сондай-ақ, тікелей
қашықтан басқару құралынан тікелей іске қосуға болатын
Жиі параметрлерді және Philips TV мәзіріндегі жалпы
параметрлері бар Жылдам мәзірді таба аласыз.
Теледидар нұсқаулығы
Орнатылған теледидар арналарының теледидар
нұсқаулығын ашу үшін Теледидар нұсқаулығы
параметрін таңдаңыз.
Көздер
Осы теледидардағы көздерді қарау және өзгерту үшін
КӨЗДЕР параметрін таңдаңыз.
4