User Guide

Table Of Contents
Теледидардан
Құрылғының экранын теледидардан көруді тоқтату. . .
• теледидар таратылымын көру үшін
EXIT пернесін
басыңыз
• теледидарда басқа әрекетті бастау үшін (Home) (Басты
бет) түймесін басыңыз
• «Ресурстар» мәзірін ашу және жалғанған құрылғыны
таңдау үшін
SOURCES пернесін басыңыз.
Құрылғыны блоктау
Құрылғыдан алғаш рет қосылу тапсырысын алғанда,
құрылғыны блоктауға болады. Бұл құрылғыдан келген
сұрау және келешекте болатын оның барлық сұраулары
еленбейтін болады.
Құрылғыны блоктау…
Block… (Блоктау...) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Барлық құрылғыларды блоктан шығару
Барлық бұрын қосылған және блокталған құрылғылар
Экранды қосарлау қосылымының тізімінде сақталады. Бұл
тізімді өшірсе, блок қойылған барлық құрылғылар блоктан
шығарылады.
Барлық блокталған құрылғыларды блоктан шығару үшін…
(Басты бет)> Параметрлер > Сымсыз байланыс және
желілер > Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Экранды
қосарлау қосылымдарын қалпына келтіру.
Бұрын қосылған құрылғыны блоктау
Бұрын қосылған құрылғыны блоктау үшін, алдымен
Экранды қосарлау байланыстарының тізімін өшіру керек.
Бұл тізімді өшіргенде, қайтадан әр құрылғы үшін
байланысты растау немесе блоктау керек болады.
Экранды қосарлау байланыстарын қалпына келтіру
Бұрын қосылған барлық құрылғылар Экранды қосарлау
қосылымының тізімінде сақталады.
Барлық жалғанған Экранды қосарлау құрылғыларын жою:
(Басты бет)> Параметрлер > Сымсыз байланыс
желілері > Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Экранды
қосарлау қосылымдарын қалпына келтіру.
Экраннан кешігіп көрсету
Экранды Экранды қосарлау арқылы бөліскендегі кешігу
уақыты әдетте 1 секундты құрайды. Өңдеу қуаты
төменірек ескі құрылғыларды қолданғанда, бұл уақыт
ұзағырақ болуы мүмкін.
Philips Smart TV қолданбасы
Смартфондағы немесе планшеттегі жаңа Philips Smart TV
қолданбасы — жаңа теле досыңыз. Қолданба қашықтан
басқару құралы сияқты арналарды ауыстыруға және
дыбыс деңгейін реттеуге мүмкіндік береді.
Таңдаулы қолданбалар дүкенінен бүгін Philips Smart TV
қолданбасын сатып алыңыз.
Philips Smart TV қолданбасы iOS және Android жүйелері
үшін қолжетімді және тегін беріледі.
Сонымен қатар, келесі қадамды орындауға болады:
(Басты бет) > Параметрлер > Сымсыз байланыстар мен
желілер > Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Қашықтан
басқаратын қолданбаның QR коды және OK түймесін
басу; QR коды TV экранында көрсетіледі. QR кодын
мобильді құрылғымен сканерлеп, Philips Smart TV
қолданбасын жүктеп алу және орнату нұсқауларын
орындаңыз. Қолданбаны пайдаланған кезде мобильді
құрылғы мен Philips теледидары бір Wi-Fi желісіне
қосылуы керек.
5.7. Басқа құрылғы
Смарт карталы CAM - CI+
CI+ туралы ақпарат
Бұл теледидар CI+ шартты кіру үшін дайын.
CI+ мүмкіндігімен аймағыңыздағы сандық теледидар
операторлары ұсынатын фильмдер мен спорт сияқты
ажыратымдылығы жоғары бағдарламаларды қарауға
болады. Бұл бағдарламаларды теледидар операторы
шифрланған және алдын ала төленген CI+ модулімен
шифрынан ашады.
Үздік бағдарламаларына жазылған кезде, сандық
теледидар операторлары CI+ модулін (шартты кіру модулі -
CAM) және онымен бірге жүретін смарт картаны береді.
14