User Manual

Мүмкіндіктер
Оңай іске қосу
Осы Sonicare үлгісінде Easy-start (Оңай бастау) мүмкіндігі қосулы
күйде келеді.
Easy-start (Оңай бастау) мүмкіндігі алғашқы 14 рет тазалағаннан кейін
қуатын көбейтеді.
Ескертпе: Оңай іске қосудың жылдамдықты арттыру циклі арқылы
дұрыс өту үшін, алғашқы 14 рет щеткамен тазалау ұзақтығының
әрқайсысы кемінде 1 минут болуы керек.
Easy-start (Оңай бастау) мүмкіндігін өшіру
немесе қосу
1 Щетканыңбасынсабынакигізіңіз.
2 Саптыэлектртогынақосулызарядтағышқақойыңыз.
- Easy-start (Оңай бастау) мүмкіндігін өшіру үшін:
қосу/өшіру түймесін 2 секунд басып тұрыңыз. Easy-start (Оңай бастау)
мүмкіндігінің өшірілгенін білдіретін 1 дыбыстық белгіні естисіз.
- Easy-start (Оңай бастау) мүмкіндігін қосу үшін:
қосу/өшіру түймесін 2 секунд басып тұрыңыз. Easy-start (Оңай бастау)
мүмкіндігінің қосылғанын білдіретін 2 дыбыстық белгіні естисіз.
Ескертпе: оңай іске қосу мүмкіндігін бастапқы жылдамдықты
арттыру кезеңінен кейін пайдалану ұсынылмайды, бұл Sonicare
щеткасының қалдық қабатты кетіру тиімділігін төмендетеді.
Смарттаймер
2 минуттан кейін таймер тіс щеткасын автоматты түрде өшіреді.
2 минуттық циклде тазалауды кідірту немесе тоқтату үшін қосу/өшіру
түймесін басыңыз. 30 секунд ішінде қосу/өшіру түймесін қайтадан
бассаңыз, смарттаймер тоқтаған жеріңізді таңдайды.
Quadpacer
Quadpacer — аралық таймер. 30, 60 және 90 секундта қысқа сигналды
естисіз және тазалау әрекетіндегі кідірісті байқайсыз. Бұл — ауыздың
келесі бөлігіне өтуге арналған сигнал.
58
ҚАЗАҚША