User Manual
Table Of Contents
- Егер сізде медициналық проблемалар болса,
Sonicare құрылғысын пайдаланар алдында
дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- Sonicare тіс щеткасы электромагниттік
құрылғыларға арналған қауіпсіздік стандарттарына
сәйкес келеді. Егер сізде кардиостимулятор
немесе басқа импланттық құрылғы болса,
пайдаланар алдында дәрігеріңізге немесе имплант
құрылғысын өндірушіге хабарласыңыз.
- Бұл құрылғы тек тістер, қызыл иектер мен тілді
тазалауға арналған. Қандай да бір басқа мақсатта
қолдануға болмайды. Қолайсыздық немесе
ауырсыну сезінсеңіз, құрылғыны қолдануды
тоқтатып, дәрігерге хабарласыңыз.
- Өндірушінің ұсынған щетка басынан басқа щетка
бастарын қолдануға болмайды.
- Тіс пастаңыздың құрамында пероксид, ас содасы
немесе басқа бикарбонат (әдетте ағартқыш тіс
пасталарында көп кездеседі) болса, әр
қолданғаннан кейін щетка басы мен тұтқаны
сабынды сумен мұқият тазалаңыз. Әйтпесе,
пластик шытынауы мүмкін.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
ҚАЗАҚША 55










