operation manual
KK 9
Қазақ
Тұрақтылық
Электр энергиясын үнемдеу
Бұл теледидар қуатты тиімді пайдалану
мүмкіндіктерімен жасалған. Осы
мүмкіндіктерге кіру үшін, қашықтан
басқару пультіндегі Жасыл түсті түйме
түймесін басыңыз.
• Қуатты үнемдейтін сурет
параметрлері: қуатты үнемдейтін
сурет параметрлерінің жиынтығын
қолдануға болады. Теледидарды
көріп отырған кезде, Жасыл түсті
түйме түймесін басып, [Қоректі
үнемдеу] опциясын таңдаңыз. Одан
кейін, [Қоректі үнемдеу] сурет
параметрін таңдаңыз.
• Экранды өшіру: теледидардан тек
дыбысты ғана тыңдағыңыз келсе,
теледидардың экранын өшіруге
болады. Басқа функциялар
әдеттегідей жұмыс істеуді
жалғастырады. Теледидарды көріп
отырған кезде, Жасыл түсті түйме
түймесін басып, [Экран өшірулі]
опциясын таңдаңыз.
• Күту режимінде қуат төмен
деңгейде: жетілдірілген электр
тізбегі теледидардың қуатты
жұмсауын барынша төмендетіп, әрі
тұрақты күту режимінің функциясына
әсер етпейді.
• Автоматты түрде өшіру: Қуатты
үнемдеу үшін, әрекетсіз күйден кейін
теледидарды автоматты түрде
өшіреді. Теледидарды көріп отырған
кезде, Жасыл түсті түйме түймесін
басып, [Автоматты өшіру] опциясын
таңдаңыз. Одан кейін теледидар
автоматты түрде өшірілетін кезеңді
таңдаңыз.
• Белсенді емес құрылғыларды өшіру:
Қосылған белсенді емес EasyLink
HDMI-CEC (тұтынушыға арналған
электрондық басқару құралы)
үйлесімді құрылғыларын өшіреді.
Теледидарды көріп отырған кезде,
Жасыл түсті түйме түймесін басып,
[Әрекетсіз құрылғылар өшірулі]
опциясын таңдаңыз.
• Қуатты басқару: жетілдірілген қуатты
басқару мүмкіндігі осы теледидармен
жұмсалатын қуатты үнемдеуге
көмектеседі. Теледидардың
жекеленген параметрлері
теледидардың қатысты қуат тұтыну
көлеміне қалай әсер ететінін көру
үшін, түймесін басып, [Баптау] >
[Көрс-ді көру] > [Белсенді бақылау
көрсетілімі] опцияларын таңдаңыз.
Қайта өңдеу
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс
жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымдың
Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес
оралғанын білдіреді. Электр және
электрондық бұйымдарды қоқысқа
лақтыру жергілікті ережелерімен танысып
алыңыз.