operation manual
KK 69
Қазақ
Сымды қосылым
1. Маршрутизаторды қосыңыз және оның
DHCP параметрін қосыңыз.
2. Маршрутизаторды Ethernet кабелі
арқылы теледидарға қосыңыз.
3. түймесін басыңыз, одан кейін
[Баптау] таңдаңыз.
4. [Желіге қосылу] таңдап, OK түймесін
басыңыз.
5. Желіні орнату үшін, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
6. Теледидар желілік қосылымды тапқанша
күте тұрыңыз.
7. Сұралса, соңғы пайдаланушымен
лицензиялық келісім шарттарын
қабылдаңыз.
Wi-Fi ready
Бҡл бӛлім PFL32x8 ҟлгісіне арналған.
PTA128 Philips сымсыз USB адаптері
(бӛлек сатылады) кӛмегімен теледидарды
үй желісіне сымсыз қосуға болады.
Ескертпе:
Сымсыз желі Wi-Fi кедергілерін тудыруы
мүмкін сымсыз телефондар,
микротолқынды пештер немесе Bluetooth
құрылғылары секілді жалпы тұрмыстық
құрылғылардай 2,4 ГГц жиілік спектрінде
жұмыс істейді. Бұл құрылғыларды
теледидардан алыстау жерге
жылжытыңыз.
Желілік трафикті азайту үшін, үй
желісінде пайдаланбайтын желілік
құралды ӛшіріңіз.
Қабылдау сапасы сымсыз
машрутизатордың орнына және
жергілікті интернет қызметі
провайдеріңізге байланысты болады.
Сымсыз үй желісі арқылы бейнені
ойнатқанда, IEEE 802.11 N
маршрутизаторын пайдалану
ұсынылады. Сымсыз үй желісінің
жұмыс істеу ортасына байланысты
байланыс жылдамдығы басқаша болуы
мүмкін.
Сымсыз орнатуды бастау
1. Сымсыз желі маршрутизаторын
қосыңыз.
2. Philips PTA128 USB адаптерін
теледидардағы USB қосқышына қосыңыз.
Сымсыз желіні орнату автоматты түрде
басталады.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Кеҝес. Сымсыз USB адаптерін
теледидарға жалғанып тұрған күйде
қалдырыңыз.
WPS - Wi-Fi Protected Setup протоколы
1. Егер маршрутизатор WPS (Wi-Fi
технологиясымен қорғалған орнату)
орнатуын қолдаса, маршрутизатордағы
WPS түймесін басыңыз.
2. 2 минуттан кейін, теледидардағы [WPS]
таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз.
Теледидар желіге қосылады. Бұл шамамен
2 минут алады.
Жаңа сымсыз маршрутизаторлардың
кӛпшілігінде WPS жүйесі және WPS
логотипі бар. WPS жүйесі WPS қауіпсіздік
шифрлау функциясын пайдаланады және
оны желідегі WEP қауіпсіздік шифрлау
функциясын пайдаланатын құрылғылармен
біріктіруге болмайды. WEP құрылғыларды
желіге қосу үшін, [Сканерлеу] >
[Таҝдамалы] опциялары арқылы
орнатыңыз.
Маршрутизаторларды сканерлеу
Егер желіде бірнеше маршрутизатор
болса, қажет желіні таңдауға болады.
1. Нақты желілік маршрутизаторды таңдау
үшін, орнатудың бірінші бетінде
[Сканерлеу] түймесін басыңыз.
WPS бар және сигналы ең күшті
маршрутизаторлар экрандағы тізімде
бірінші болып кӛрсетіледі.
2. Қажетті машрутизаторды таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз.
WPS маршрутизаторын қосып
жатсаңыз, теледидарда [WPS]
опциясын таңдаңыз.
Қосылатын машрутизатор
бағдарламасында PIN кодын орнату
үшін, [WPS PIN коды]опциясын
таңдап, кодын жазып алыңыз.