operation manual
KK 26
Бейнелерді онлайн режимінде
жалға алу
Қажетті әрекеттер
Теледидардың жоғары
жылдамдықпен тарату қосылымы
арқылы интернетке қосылып
тұрғанын тексеріңіз. Теледидарды
қосу > Желіге және Интернетке
қосу (Бет 68) бӛлімін қараңыз.
Аз дегенде 4 ГБ сыйымдылығы бар
USB қатты дискісін теледидарға
жалғаңыз. Жоғары ажыратымдылығы
бар бейнелер үшін аз дегенде 8 ГБ
сақтау сыйымдылығы бар қатты
дискіні пайдаланыңыз.
Ескертпе. Бейнелер жазу, кідірту және
жалға алу үшін жалғыз сақтау құрылғыны
да пайдалануға болады. Сыйымдылығы кем
дегенде 250 Гбайт және тасымалдау
жылдамдығы кем дегенде секундына 30
мегабит болатын USB 2.0 үйлесімді қатты
дискісін (HDD) қосыңыз. Пайдаланбастан
бұрын, HDD дискісін пішімдеңіз
(Теледидардыҝ қосымша мҟмкіндіктерін
пайдалану > Теледидарды кідірту > USB
қатты дискісін орнату (Бет 28) бӛлімін
қараңыз).
USB қатты дискісін пішімдеу
Жалға алынған бейнелерді жүктеу
алдында USB қатты дискісін пішімдеу
керек. USB қатты дискісіндегі бар мазмұн
толығымен жойылады.
1. Теледидарды қосыңыз.
2. USB қатты дискісін теледидардағы USB
ұяшығына жалғаңыз.
3. Қатты дискіні пішімдеуді бастау үшін
түймесін басыңыз.
4. Пішімдеген соң, USB қатты дискісін
теледидарға жалғанған күйінде
қалдырыңыз.
Бейнелер дҟкеніне кіру
1. SMART TV түймесін басыңыз.
2. Еліңіздегі қол жетімді бейнелер дүкені
бағдарламаларын іздеу үшін [App
галереясы] опциясына кіріңіз.
3. Дүкенді таңдап, растау үшін OK
түймесін басыңыз.
Бейне дүкенінің белгішесі басты бетке
қосылады.
4. Дүкенге кіру үшін, оның белгішесін
таңдап, OK түймесін басыңыз.
Бейнені жалға алу
Бейнені жалға алу, жүктеу және кӛру үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
1. Бейнелер дүкені бағдарламасын ашыңыз.
Тіркелу немесе пайдаланушы мәліметтерін
енгізу қажет болуы мүмкін.
2. Бейнені таңдаңыз.
3. Желі арқылы тӛлем жасаңыз.
4. Бейнені жүктеп алыңыз.
5. Бейнені кӛруді бастаңыз.