Operating Instructions

4
1. Жұмыс ортасы
1) Компьютер: USB порт(тар)ымен жəне CD-ROM жетегімен үйлесімді IBM PC/AT компьютері.
Келесі АЖ кез келгені бар модель.
АЖ
: Microsoft Windows XP 32 биттік немесе 64 биттік нұсқасы (SP2 немесе одан
жоғары), Windows Vista 32 биттік немесе 64 биттік нұсқасы
2) Осы өнім мен бір біріне бір уақытта кедергі келтірусіз пайдалану мүмкін емес байланыс
портын пайдаланбайтын PS/2 тінтуірі сияқты меңзеу құрылғысы.
3) Драйверді орнату алдында USB порты сəтті жұмыс істеп жатуы керек.
4) Байланыс портын пайдаланатын басқа бағдарламаларды осы өніммен бірге пайдалануға
болмайды.
5) Windows компьютеріңізге орнату немесе жою кезінде "Administrator" ретінде кіріңіз.
6) АЖ нұсқасына немесе параметрлерге байланысты дисплей немесе экран мəліметтері
басқаша болуы мүмкін.
2. Орнату алдында
АЖ байланысты орнату процедурасы өзгеріп отырады. Төмендегі процедураны орындаңыз.
1) Сенсорлық панельдің драйверін орнатыңыз.
2) Сенсорлық панельдің USB кабелін компьютерге жалғаңыз.
Кабельді жалғау туралы мəліметтер алу үшін сенсорлық панельдің нұсқаулығын
оқыңыз.
3) Windows Vista пайдаланылып жатса, Tpdrv Mouse Emulation Service қызметін орнатыңыз.
4) Компьютер қайта іске қосылғанда, драйвер бағдарламасы іске қосылады жəне Calibration
экраны пайда болады.
Калибрлеуден кейін сенсорлық панель пайдалануға дайын.
5) Егер драйвердің кез келген ескірек нұсқасы орнатылған болса, жаңарақ нұсқалы драйверді
орнату алдында ескісіз жойыңыз. Жою туралы мəліметтерді "6. Uninstallation" бөлімін
қараңыз.