Operating Instructions
19
5-5. Advanced Settings
1) Calibration Mode
Калибрлеу режимін орнатады. Əдепкі параметр – "Normal".
Normal
: бұл параметрді экран ажыратымдылығы жəне көрсету əдісі қалыпты көрсетілуі
үшін пайдаланыңыз.
Special: бұл параметрді үлкейтілген экран дисплейі немесе қиып алынған үлкейту сияқты
арнайы экранды көрсету үшін пайдаланыңыз.
Corner : бұл параметрді "Normal" параметрінің калибрлеу мақсатты орнын бұрыш деп
орнату үшін пайдаланыңыз.
5-6. Calibration
Калибрлеу (туралау) түртілген орынға тінтуір жүгіргісін дұрыс эмуляциялау үшін орындалады.
Calibration экраны сенсорлық экранды компьютерге жалғағанда, драйвер бірінші рет іске
қосылғанда (орнатудан кейін қайта іске қосу) автоматты түрде пайда болады.
Экранда көрсетілген нысандардың ортасын экрандағы нұсқауларға сай ретпен түртіңіз. 3
мақсатты нүкте көрсетіледі.
Калибрлеуді тоқтату үшін пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
Калибрлеу орындалғаннан кейін калибрлеу мəндері параметрлер файлында сақталады.
Басқа калибрлеу қажет емес, өйткені калибрлеу мəндері келесі іске қосылғанда параметрлер
файлынан жүктеледі.










