Operating instructions

5
Ескертпелер
Қозғалмайтын кескінді ұзақ
уақыт бойына көрсетпеңіз
Бұл кескіннің плазмалық бейнебетте қалуына
себеп болады (“кескінді ұстап тұру”).
Бұл бұзылған дұрыс жұмыс істемеуіне
байланысты емес жəне кепілдік берілмеген.
Əдеттегі қозғалмайтын кескіндер
Арна нөмірі жəне
өзге белгілер
“4:3” режимінде
бейнеленген кескін
Бейне ойыны
Компьютер суреті
Кескінді ұстап тұруды болдырмау үшін
бірнеше минуттан кейін контраст автоматты
түрде азаяды, егер ешбір сигнал жіберілмесе
немесе əрекеттер орындалмаса. (68-бет)
Күту режимінде автоматты
қосу функциясы
Егер ешқандай сигнал қабылданбаса, 30 минут
бойы ешқандай əрекет орындалмаса, құрылғы
күту режиміне автоматты түрде өтеді.
Дисплей құрылғысы мен тюнер қондырмасы
арасында ұзақ уақыт бойынша ешбір сигнал
немесе əрекет болмаса құрылғы автоматты
түрде күту режиміне өтеді.
Тюнер қондырмасы – 1 минуттан кейін
Дисплей құрылғысы – 10 минуттан кейін
Құрылғыны мынадай
жабдықтардан алыс ұстаңыз
Электрондық жабдық
Əсіресе, құрылғының маңына
бейне жабдықтарды қоймаңыз
(электромагнитті кедергі кескінді /
дыбысты бұрмалауы мүмкін).
Инфрақызыл сенсоры бар жабдық
Бұл құрылғы да инфрақызыл
сəулелерін шығарады (ол басқа
жабдықтың жұмысына əсер етуі мүмкін).
Панельді қажетті бұрышқа
сай реттеңіз (TX-PR46Z11)
Теледидар толық айналым жасап
бұралған кезде, тұғырдың негiз шетіне
шығып кетпеуін қадағалаңыз.
Толық айналым жолына ешбір зат
немесе қолыңызды қойып қоймаңыз.
10˚ 10˚
(Жоғарыдан қарағандағы көрініс)
500 мм
383 мм
Екі бағытта да толық айналымның
болуын қамтамасыз ету үшін таңбаны
көрсетілген ретте ортаға орнатыңыз.
Құрылғыны тазалаған кезде ток қорегін
ажыратыңыз
Қосулы құрылғыны тазалаған кезде ток соғуы мүмкін.
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
пайдаланбайтын болсаңыз, ток қорегін
ажыратыңыз
Электр тоғына қосулы тұрғандықтан, құрылғы өшірулі
тұрғанның өзінде де аздап электр қуатын пайдаланады.
Тек тік күйінде тасымалдаңыз
Дисплей құрылғысын дисплей панелін жоғары немесе
төмен қаратып тасымалдаған кезде ішкі құрылысына
зақым келуі мүмкін.
Қызу жан-жаққа шашырауы үшін дисплей
құрылғысының айналасынан жеткілікті
орын қалдырыңыз
Ең аз арақашықтық
10
10
10
3
(см)
Тұғырды пайдаланған кезде, дисплей құрылғысының
асты мен дисплей құрылғысы орнатылатын беттің
арасынан орын қалдырыңыз.
Қабырғаға ілетін кронштейнді пайдаланған кезде оның
нұсқаулығын қарап шығыңыз.
Артқы ауа кіретін тесіктерді жауып
қоймаңыз
Ауа кіретін тесіктерді газетпен, үстел жапқышпен,
пердемен, т.б. жауып қою қызып кетуге, өрттің шығуына
немесе ток соғуға себеп болуы мүмкін.
Дауысын құлақаспаптан қатты шығарып
тыңдамаңыз
Қатты зақым келтіруі мүмкін.
Дисплей құрылғысы ауыр. Дисплей
құрылғысын екі немесе одан көп адам
көтеруі керек. Құлау немесе домалап кету
себебінен жарақат алуды болдырмау үшін
көрсетілген күйінде тіреңіз.
Сақтаныңыз