Operating instructions
4
Қауіпсіздік шаралары
Абайлаңыз
Электр шнуры мен оның ашасын қолдану
Электр шнурын розеткаға толығымен кіргізіңіз. (Егер электр шнурының ашасы бос болса, қызу пайда ●
болып, өрттің шуғуы мүмкін.)
Электр шнурын оңай қолдануға болатынына көз жеткізіңіз. ●
Электр тоғы соғуын болдырмау үшін ток сымының бір ұшы жерге қосылғанына көз жеткізіңіз. ●
CLASS I құрылымы бар аппараты бір ұшы жерге қосылып, розетканың ток сымына жалғануы тиіс. ●
Электр шнурын дымқыл қолдарыңызбен тимеңіз. (Одан ток соғуы мүмкін.) ●
Электр шнурын зақымдап алмаңыз. (Зақымдалған шнурдан өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.) ●
Ток сымы розеткаға қосылып тұрғанда құрылғыны жылжытпаңыз. ●
Шнурға ауыр зат қоймаңыз немесе шнурдың жанына ыстық затты қоймаңыз. ●
Шнурын шиыршықтамаңыз, оны қатты қайырмаңыз немесе оны созбаңыз. ●
Шнурынан тартпаңыз. Шнурын ажыратқан кезде шнурдың ашасынан ұстаңыз. ●
Зақымдалған шнур ашасын немесе розетканы пайдаланбаңыз. ●
Егер сіз қандай да
бір ақауды байқасаңыз,
электр шнурының ашасын
бірден суырып алыңыз!
220-240 В
айнымалы
ток, 50/60 Гц
Қуат көзі
Бұл теледидар 220-240 В айнымалы тогы мен ●
50/60 Гц өлшемінде жұмыс істеуге арналған.
Қақпақтарын шешпеңіз
Құрылғыны ЕШҚАШАНДА
өзіңіз өзгертуші болмаңыз
(Жоғары кернеулі бөліктерден ток соғуы мүмкін.)
Артқы қақпағын шешпеңіз, себебі оны шешсеңіз
●
тогы бар бөліктері ашық қалады. Оның ішінде
пайдаланушыға қажетті бөліктер жоқ.
Құрылғыны жергілікті Panasonic делдалына
●
тексертіп, реттеткізіп немесе жөндетіп алыңыз.
Жаңбырдың астына немесе
аса дымқыл жерге қоймаңыз
Ток соғуына немесе өрт шығуына себеп болуы
●
мүмкін зақымның алдын алу үшін құрылғыны
жаңбыр астында қалдырмаңыз немесе шамадан
тыс ылғалдылықта ұстамаңыз. Құрылғыға су
тамуына немесе шашырауына жол бермеңіз жəне
ваза сияқты сұйықтық құйылған нысандарды
құрылғыға немесе оның үстіне қоймаңыз.
Күн көзіне тікелей жəне басқа
жылу көздеріне шығармаңыз
Құрылғыны тікелей күн сəулесі түсетін жəне басқа
●
да қызу көздеріне əсер ететін жерге қоймаңыз.
Өрт шығуының алдын алу үшін құрылғыға немесе
оның жанына май шам немесе ашық жалынды
орналастырмаңыз.
Құрылғының ішіне тыс
нысандарды салмаңыз
Ауа кіретін тесіктер арқылы құрылғыға заттардың ●
түсіп кетуіне жол бермеңіз (өрт шығуы немесе
ток соғуы мүмкін).
Құрылғыны еңіс немесе
тұрақсыз беттерге қоймаңыз
Құрылғы құлап немесе домалап кетуі мүмкін. ●
Тек арнаулы негіздерді / бекіту
жабдығын пайдаланыңыз
Құпталмаған тұғырды немесе басқа бекіту ●
құралдарын қолдансаңыз, дисплей құрылғысы
тұрақсызданып, жарақаттану қаупі пайда болуы
мүмкін.
Рұқсат етілмеген негіздерді / бекітпелерді ●
пайдаланыңыз (6-бет).
Балаларға SD картасын
ұстатпаңыз
Кішкентай зат сияқты SD картасын жас ●
балалардың жұтып қоюы мүмкін. Пайдаланып
болғаннан кейін SD картасын бірден шығарып
алыңыз.










