Operating Instructions

Керек жарақтар / Қосымша керек жарақтар
Пайдаланушыға арналған қысқаша нұсқаулық
6
Керек жарақтар / Қосымша керек жарақтар
Стандартты керек жарақтар
Қашықтан басқару пульті Батареялар Қашықтан басқару
пультіне арналған (2)
R6
( 7-бет)
Тұғыр
( 7-бет)
N2QAYB000490
немесе
N2QAYB000672
Пайдалану нұсқаулары Кепілдік
Керек-жарақтар бірге орналаспауы мүмкін. Оларды байқаусызда лақтырып тастамаңыз.
Бұл өнімде қауіпті бөлшектер (пластикалық қапшықтар сияқты) болады, олармен жас балалардың байқаусызда
тыныс алуы немесе жұтып қоюы мүмкін. Бұл бөлшектерді жас балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
Қосымша керек жарақтар
Ұсынылған қосымша керек жарақтарды сатып алу үшін өзіңізге жақын Panasonic делдалына хабарласыңыз.
Қосымша мəліметтер алу үшін қосымша керек жарақтар нұсқаулығын қараңыз.
Сымсыз жергілікті желі адаптері
DY-WL10E-K
Сақтаныңыз
Сымсыз жергілікті желі адаптерін пайдалану үшін қатынас нүктесін алу қажет.
Сымсыз жергілікті желі адаптерін ұзартқыш кабельмен бірге пайдалану ұсынылады.
Радиотолқын кедергісінен пайда болатын ақауларды болдырмау үшін, сымсыз
жергілікті желі адаптерін пайдаланған кезде, теледидарды басқа сымсыз жергілікті желі
құрылғыларынан, микротолқынды пештерден жəне 2,4 ГГц жəне 5 ГГц сигналдарын
пайдаланатын құрылғылардан алыста сақтаңыз.
Елге байланысты бұл қосымша керек-жарақтар жоқ болуы мүмкін.
Сымсыз жергілікті желі адаптері жəне қатынас нүктесі туралы қосымша мəліметтер келесі
веб-сайтта болуы мүмкін. (Тек ағылшын тілінде)
http://panasonic.jp/support/global/cs/tv/
Байланыс камерасы
TY-CC10W
Сақтаныңыз
Бұл камера VIERA Connect мүмкіндігінде пайдаланылады (69-бет).
Сонымен қатар камераның пайдалану нұсқаулығын оқыңыз.
Елге байланысты бұл қосымша керек-жарақтар жоқ болуы мүмкін.
Толық мəлімет үшін жергілікті Панасоник дилеріне хабарласыңыз.
Қабырғаға ілетін кронштейн
TY-WK3L2RW
Бұл ТД үшін қабырғадағы
кронштейннің бұрышыннөл
қисайтуға (тік)” жəне “10-градусқа
қисайтуғареттеуге болады.
Теледидардың артқы жағы
Қабырға кронштейніне бекітуге арналған саңылаулар
200 мм
200 мм
(Шетінен қарау)
Теледидарды қабырға кронштейніне бекітуге
арналған бұранда (теледидармен бірге берілмейді)
Бұранда тереңдігі:
ең азы 4 мм,
ең көбі 17 мм
Диаметр : M6
Абайлаңыз
Panasonic кронштейнін пайдаланбау немесе теледидарды өз бетінше бекіту тұтынушының тəуекелі бойынша жасалады.
Əрқашан білікті техникалық маманнан орнатуды сұраңыз. Дұрыс емес орнатқанда, жабдық құлап, жарақат алуға жəне өнімнің
зақымдалуына əкелуі мүмкін. Теледидарды кəсіби орнатқыштың орнатпауынан болған кез келген зақым кепілдікті жояды.
Кез келген қосымша керек жарақтарды немесе қабырға кронштейндерін пайдаланғанда, əрқашан берілген
нұсқауларды толығымен орындаңыз.
Теледидарды тікелей төбе шамдарының (мысалы, прожекторлар немесе галоген шамдары) астында
бекітпеңіз. Олар əдетте жоғары жылу тудырады. Бұлай істеу пластик корпус бөліктерін деформациялауы
немесе зақымдауы мүмкін.
Кронштейндерді абайлап бекітіңіз. Қабырғаға бекітілетін жабдықты қабырға ішінде металмен жерге қоспау керек.
Əрдайым кронштейнді бекітпестен бұрын қабырғада электр сымдары немесе толқындары жоқ екенін тексеріңіз.
Жарақаттану жəне құлаудың алдын алу үшін теледидарды ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, оны
тұғырдан шешіп алыңыз.