Operating Instructions
8
Қосалқы құралдар / параметрлер
Қысқаша жұмысты
бастау нұсқаулығы
Тұрғыны бекіту / алу
Ескерту
Тұрғыны бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз.
● Әйтпесе ТД құлауы және зақымдалуы, әрі жарақат алуыңыз мүмкін.
Сақтандыру
Осы теледидармен бірге қамтамасыз етілгеннен басқа тұрғыны пайдаланбаңыз.
● Әйтпесе ТД құлауы және зақымдалуы, әрі жарақат алуыңыз мүмкін.
Майысса немесе зақымдалса тұрғыны пайдаланбаңыз.
● Егер тұрғыны зақымдалған күйде пайдалансаңыз, жарақаттануыңыз мүмкін. Жергілікті Panasonic дилеріне
бірден хабарласыңыз.
Орнату кезінде барлық бұрандалар берік бекемделгенін тексеріңіз.
● Егер жинау кезінде бұрандалар тиісті түрде бекемделгеніне көз жеткізу жеткілікті қадағаланбаған болса, тұрғы
теледидарды ұстап тұру үшін жеткілікті күшті болмайды, сөйтіп ол құлауы және зақымдалуы мүмкін, сөйтіп
жарақаттануыңыз мүмкін.
ТД құламайтынына көз жеткізіңіз.
● Егер ТД ұрылса немесе балалар ТД орнатылған тұрғыға мінсе, ТД құлауы және жарақат тигізуі мүмкін.
ТД орнату және алу үшін екі немесе одан көп адам керек.
● Егер екі немесе одан көп адам жоқ болса, ТД түсіп, жарақаттауы мүмкін.
Теледидардан тұрғыны алғанда тұрғыны көрсетілген процедурадан басқа әдістермен алмаңыз.
(Төменде қараңыз)
● Әйтпесе ТД және / немесе құлауы және зақымдалуы, әрі жарақат алуыңыз мүмкін.
Бекіту бұрандалары (3) Мойын Негіз
M4 × 18
Негізге (1) арналған жинау
бұрандасы
M4 × 18
Тұрғыға (2) арналған жинау
бұрандасы
1 Зақымдардан және сызаттардан
қоғрау үшін теледидарды бетін
төмен қаратып жұмсақ, таза
бетке қойыңыз.
2 Мойынды негізге берік бекіту
үшін негізге арналған жинау
бұрандасын пайдаланыңыз.
3 Тұрғыны теледидарға берік
бекіту үшін тұрғыға арналған
жинау бұрандаларын
пайдаланыңыз.
Тұрғыны теледидардан алу
Қабырғаға ілу кронштейнін пайдаланғанда немесе теледидарды қайта орағанда тұрғыны келесі жолмен
алыңыз.
1 Дисплей экранын қорғау үшін жұмсақ материалдар (мысалы, көрпе) жабылған тегіс бетке теледидарды
экранын төмен қаратып қойыңыз.
2 Бұрауыш көмегімен тұрғыға арналған жинау бұрандаларын алыңыз.
3 Тұрғыны теледидардан алыңыз.










