Operating Instructions
4
Техникалық қызмет көрсету
Сақтандыру
Теледидарды тазалағанда ашаны алыңыз
● Қуат беріліп тұрған теледидарды тазалау ток
соғуына әкелуі мүмкін.
ТД ұзақ уақыт бойы пайдаланылмағанда
ашаны розеткадан суырыңыз
● Бұл ТД тіпті өшірулі режимде де аша қосулы кезде
біраз қуатты тұтынады.
Құлақтарыңызға құлаққаптардан тым қатты
дыбыс деңгейі әсер етуін болдырмаңыз
● Қалпына келтіру мүмкін емес зиян тиюі мүмкін
Дисплей тақтасына тым үлкен күш немесе
әсер қолданбаңыз
● Бұл жарақаттауы мүмкін зақымды тудыруы мүмкін.
Артқы ауа саңылауларын бұғаттамаңыз
● Электрондық құрамдастардың істен шығуын
болдырмау үшін тиісті желдету өте маңызды.
● Желдетуге газеттер, дастархандар және перделер
сияқты заттармен желдету саңылауларын жауып
кедергі жасамау керек.
● Тіпті шкафка немесе сөрелере арасында
орнатылса да, осы теледидардың барлық жағында
кемінде 10 см саңылауды қалдыру ұсынылады.
● Түрғыны пайдаланғанда, ТД төменгі жағы мен
ТД орнатылатын бет арасында бос аралықты
сақтаңыз.
● Егер тұрғы пайдаланылмаса, ТД төменгі
жағындағы саңылаулар бұғатталмағанына көз
жеткізіңіз.
Ең аз қашықтық
10
10 10 10
(cм)
Техникалық қызмет көрсету
Алдымен ашаны розеткадан суырыңыз.
Дисплей тақтасы, шкаф және тұрғы
Тұрақты күту:
Дисплей тақтасының, шкафтың немесе тұрғының
бетін жұмсақ шүберекпен сүртіп, кірден немесе саусақ
іздерінен тазалаңыз.
Қатты кір үшін:
Алдымен беттегі шаңды тазалаңыз. Жұмсақ шүберекті
таза сумен немесе ерітілген бейтарап жуғыш затпен
(1 бөлік жуғыш зат - 100 бөлік су) ылғалдандырыңыз.
Шүберекті сығып, бетті сүртіңіз. Соңында бүкіл ылғалды
сүртіп алыңыз.
Сақтандыру
● Қатты шүберекті пайдаланбаңыз немесе бетті тым қатты үйкемеңіз, әйтпесе бетте сызаттар пайда болуы
мүмкін.
● ТД беттеріне су немесе жуғыш зат әсерін тигізбеңіз. ТД ішіндегі сұйықтық өнімнің істен шығуына әкелуі мүмкін.
● Беттерді жәндіктер репеллентінің, еріткіштің, сұйылтқыштың немесе басқа ұшқыр заттардың әсер етуіне жол
бермеңіз. Бұл беттің сапасын нашарлатауы немесе бояудың түсіруі мүмкін.
● Дисплей тақтасының беті арнайы өңделген және оңай зақымдалуы мүмкін. Тырнақпен немесе басқа қатты
заттармен бетті түртпеңіз немесе оған сызат түсірмеңіз.
● Шкафтың және тұрғының резеңкеге немесе ПВХ-дан жасалған затқа ұзақ уақыт бойы тиюіне жол бермеңіз.
Бұл беттің сапасын нашарлатуы мүмкін.










