Operating Instructions
31
ЖҚС
ЖҚС
Қызмет көрсетуді немесе көмекті сұрау алдында мәселені шешу үшін мына қарапайым нұсқауларды орындаңыз.
Егер мәселе жалғасса, көмек алу үшін жергілікті Panasonic дилеріне хабарласыңыз.
DVB режимінде блок бұрмалануы, қатырылған немесе жоғалатын кескін орын алады / Аналогтық
режимде ақ дақтар немесе көлеңке кескін орын алады / Кейбір арналарды реттеу мүмкін емес
● Антеннің күйін, бағытын және қосылымын тексеріңіз.
● Әсіресе, қабылдау нашар аумақтарда ауа райы жағдайлары (қатты жаңбыр, қар, т.б.) сигналды қабылдауға
әсер етеді. Тіпті жақсы ауа райында да, жоғары қысым кейбір арналардың нашар қабылдануына әкеледі.
● Сандық қабылдау технологияларына байланысты аналогтық арналарды қабылдау жақсы болғанымен,
сандық сигналдардың сапасы салыстырмалы түрде төмен болуы мүмкін.
● Теледидарды күту режимін қосу / өшіру қосқышының көмегімен күту режиміне қосып, содан кейін қайтадан
қосыңыз.
● Егер мәселе жалғасса, жергілікті дилерге немесе қызмет көрсетушіге қызметтердің қол жетімділігі туралы
хабарласыңыз.
ТД нұсқаулығында ешбір бағдарламалар көрсетілмейді
● Сандық таратқышты тексеріңіз.
● Антеннаның бағытын маңайда орнатылған басқа таратқышқа өзгертіңіз.
● Аналогтық таратуды тексеріңіз. Егер кескін сапасы нашар болса, антеннаны тексеріңіз және жергілікті
дилерге хабарласыңыз.
Кескін де, дыбыс та шықпайды.
● ТД қосулы екенін тексеріңіз.
● Теледидарға және розеткаға қуат сымы қосылғанын тексеріңіз.
● ТД AV режимінде екенін тексеріңіз.
● Дұрыс кіріс режимі таңдалғанын тексеріңіз.
● Сурет мәзірін (18-бет) және дыбыс деңгейін тексеріңіз.
● Бүкіл қажет кабельдер және қосылымдар орнында берік тұрғанын тексеріңіз.
Авто арақатынас
● Авто арақатынас экранды толтыру үшін ең жақсы қатынасты қамтамасыз етуге арналған.
● Арақатынасты қолмен өзгерткіңіз келсе, ASPECT түймешігін басыңыз.
Ақ-қара сурет
● Сыртқы жабдықтың шығысы ТД кірісіне сәйкес екенін тексеріңіз.
SCART көмегімен жалғағанда, сыртқы жабдықтың шығыс параметрі S-Video емес екеніне көз жеткізіңіз.
Кіріс режимі, яғни, EC/AV1 экранда қалады
● Оны тазалау үшін түймешігін басыңыз.
Қайта көрсету үшін қайтадан басыңыз.
Экранда қызыл, көк, жасыл және қара дақтар болуы мүмкін
● Бұл — сұйық кристалды панельдердің сипаттамасы және мәселе болып табылмайды. Сұйық кристалды
панель майда сурет элементтерін көрсететін, дәлдігі өте жоғары технология көмегімен жасалған. Кейде,
қызыл, жасыл, көк немесе қара бекітілген нүкте түрінде экранда біраз белсенді емес пиксельдер көрсетілуі
мүмкін. Бұл СКД өнімділігіне әсер етпейтінін ескеріңіз.










