Operating Instructions
24
Media Player бағдарламасын пайдалану
Қосымша мүмкіндіктер
Media Player бағдарламасын
пайдалану
[Медиа-проигрыватель] USB флеш жадында жазылған фотосуреттерді, бейнене немесе музыканы пайдалануға
мүмкіндік береді.
Фотосурет режимі:
Сандық фотокамералар жазған фотосуреттер көрсетіледі.
Бейнефильм режимі:
Сандық бейне камералар жазған бейнефильм суреттері ойнатылады.
Музыка режимі:
Сандық музыка ойнатылады.
● Жұмыс кезінде аудио сигнал DIGITAL AUDIO және HDMI 1 (ARC) (ARC функциясы) ұяшықтарынан
шығарылады.
Бірақ ешбір бейне сигналдар шығарылмайды. ARC функциясымен бірге HDMI 1 (ARC) ұяшығын пайдалану
үшін ARC функциясы бар күшейткішті жалғаңыз.
● [Дата] жазу жабдығы жазуды орындаған күнді көрсетеді. Күні жазылмаған файл «**/**/****» түрінде көрсетіледі.
● Пайдаланылған жазу жабдығына байланысты сурет осы теледидарда дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.
● Файлдар және қалталар көп болғанда көрсетуге біраз уақыт кетуі мүмкін.
● Ішінара бүлінген файлдар ажыратымдылығы азайтылып көрсетілуі мүмкін.
● Жағдайларға байланысты сурет параметрі жұмыс істемеуі мүмкін.
● Пайдаланылатын сандық фотокамераға немесе сандық бейне камераға байланысты қалта және файл
атаулары басқаша болуы мүмкін.
USB флеш жадын салу немесе алу
● Тігінен және толығымен салыңыз немесе алыңыз.
USB флеш жады
● For the supported le format «Supported le format in Media Player» (Media Player бағдарламасында
қолдау көрсетілетін файл пішімі) (28-бет)
Ойнатуға арналған құрылғылар
USB флеш жады ([Медиа-проигрыватель] бағдарламасында ойнату үшін)
USB флеш жадының пішімі:
FAT16, FAT32, NTFS
USB флеш жадының үйлесімділігі:
Тек USB1.1 немесе USB2.0 стандартын қолдайды
Қолдау көрсетілетін ең үлкен USB сыйымдылығы — 32 ГБ
USB хабына немесе карта адаптеріне қолдау көрсетілмейді
Ескертпе
● ДК көмегімен өзгертілген деректер көрсетілмеуі мүмкін.
● ТД деректерге қатынасып жатқанда құрылғыны алмаңыз. Әйтпесе бұл құрылғыны немесе теледидарды
зақымдауы мүмкін.
● Құрылғыдағы істіктерге тимеңіз.
● Құрылғыға жоғары қысым немесе қатты соққы әсерін тигізбеңіз.
● Құрылғыны дұрыс бағытта салыңыз. Әйтпесе бұл құрылғыны немесе теледидарды зақымдауы мүмкін.
● Электр кедергісі, статикалық ток немесе қате жұмыс істеу деректерді немесе құрылғыны зақымдауы мүмкін.
● Бүлінген деректер немесе теледидардың дұрыс жұмыс істемеу жағдайында тұрақты аралықтармен жазылған
деректердің сақтық көшірмесін жасап отырыңыз. Panasonic жазылған деректердің бүлінуіне жауапты емес.










