Operating Instructions

44
Ақаулықтарды жою
Қашан
Қашықтан басқару құралы жоқ немесе ақаулық орын алды
1.Алдыңғы панельді көтеру.
2.АВТО режимінде пайдалану үшін түймені бір рет басыңыз.
3. САЛҚЫНДАТУ режимінде күшпен пайдалану үшін 1 сигнал дыбысы
естілгенше түймені басып тұрып жіберіңіз.
4. 3-қадамды қайталаңыз. ЖЫЛЫТУ режимінде күшпен пайдалану үшін
2 сигнал дыбысы естілгенше түймені басып тұрып жіберіңіз.
5.Өшіру үшін түймені қайта басыңыз.
Индикаторлар тым ашық
Құрылғының индикатор жарықтығын күңгірттеу немесе қалпына келтіру үшін
түймесін басып, 5 секунд ұстап тұрыңыз.
Ұзақ уақыт пайдаланбаудан кейінгі маусымдық тексеруді жүргізу
Қашықтан басқару құралының батареяларын тексеріңіз.
Ауа кірісі жəне шығысы желдеткіштері айналасында кедергі жоқтығын тексеріңіз.
САЛҚЫНДАТУ/ЖЫЛЫТУ əрекетін таңдау үшін Авто ӨШІРУЛІ/ҚОСУЛЫ түймесін
пайдаланыңыз. 15 минут жұмыс істегеннен кейін ауа кірісі мен ауа шығысының
ұяшықтары арасындағы мына температура айырмашылығы қалыпты жағдай:
САЛҚЫНДАТУ: 8 °C / 14.4 °F
ЖЫЛЫТУ: 14 °C / 25.2 °F
Құрылғылар ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайды
Өңез жиналуын болдырмау үшін ішкі бөліктерде қалып қойған ылғалды толығымен жою
үшін ЖЫЛЫТУ күйін 2~3 сағатқа іске қосыңыз.
Қуат көзін ажыратыңыз жəне розеткадан суырыңыз.
Қашықтан басқару құралының батареяларын алып тастаңыз.
ДҰРЫС ЖҰМЫС ІСТЕМЕУ БЕЛГІЛЕРІ
ҚУАТ КӨЗІН ӨШІРІП, ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖЕЛІДЕН АЖЫРАТЫҢЫЗ жəне мына
жағдайларда рұқсатты өкілге хабарласыңыз:
Жұмыс істеп жатқан кезде қалыптан тыс шу.
Су/бөгде заттар қашықтан басқару құралына тиген.
Ішкі құрылғыдан су жылыстайды.
Ажыратқыш жиі өшеді.
Штепсель ашасы/желі сымы əдеттегіден тыс қызып кетеді.
Айырып-қосқыштар немесе
түймешіктер дұрыс істемейді.