Қолданушы нұсқаулығы

Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі
67
2. Бұл к
епілдікте төмендегілер көрсетіледі:
қалыпты жағдайда тозуына байланысты бөлшектерге қажетті түрде
техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу немесе ауыстыру.
пайдаланушы нұсқауларында сипатталғандай, Nikon
компаниясының жазбаша келісімінсіз, өнімнің қалыпты күйін
жаңарту үшін өзгерту.
тасымалдау шығындары жəне өнімдердің кепілдігімен тікелей
немесе жанама байланысты тасымалдаудың барлық қауіптері.
өнім бастапқыдан жасалған жəне/немесе өндірілген елдерден
басқа қандай да бір басқа елдердегі заңдардың жергілікті немесе
техникалық ережелеріне сəйкес Nikon компаниясының жазбаша
келісімінсіз өнімге жасалған өзгертулердің немесе реттеулердің
нəтижесінде келтірілген қандай да бір зақым.
3. Кепілдік келесі жағдайларда жарамсыз болып табылады:
дұрыс пайдаланбаудың, сондай-ақ өнімді қалыпты жағдайда
немесе пайдалану жəне техникалық қызмет көрсету жөнінде
пайдаланушы нұсқаулықтарына сəйкес пайдаланбау жəне өнімді
пайдаланылған елдің қауіпсіздік ережелеріне сəйкес орнатпаудың
немесе пайдаланбаудың нəтижесінде келтірілген зақым.
апат, сондай-ақ нажағай, су тасқыны, өрт шығу, дұрыс пайдаланбау
немесе немқұрайдылықтың нəтижесінде келтірілген зақым.
өнім үлгісін немесе сериялық нөмірін өшіру, оның анық болмауы
немесе алып тастау.
өкілетті емес қызмет көрсететін ұйымдар немесе тұлғалар жасаған
жөндеулер немесе реттеулердің нəтижесінде келтірілген зақым.
өнім қосылған немесе бірге пайдаланылған қандай да бір жүйедегі
ақаулар.
4. Бұл қызмет көрсету жөніндегі кепілдік заңдық күші бар тиісті
ұлттық заңдарға сəйкес тұтынушының заңдық құқықтарына да,
сату/сатып алу жөнінде келісім-шарттың негізінде дилерге қарсы
келетін тұтынушының құқықтарына да əсер етпейді.
Ескерту: Nikon компаниясының барлық өкілетті қызмет керсету
орталықтарын осы сілтемеге өту арқылы қарап шығуға болады
(URL = https://www.europe-nikon.com/service/).