Қолданушы нұсқаулығы

66
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі
Кепілдік шарттары
Кепілдік шарттары - Еуропа
еліндеріндегі
Nikon Europe Service
Warranty кепілдігі
Құрметті Nikon компаниясының тұтынушысы!
Nikon өнімін са
тып алғаныңыз үшін рақмет. Nikon өніміне кепілдік
бойынша қызмет көрсету қажет болса, оны сатып алған дилермен
немесе Nikon Europe B.V. сату аумағындағы (мысалы, Еуропа/
Ресей/басқалар) өкілетті қызмет көрсету желісіндегі мүшемен
хабарласыңыз. Мəліметтерді мына беттен қараңыз:
https://www.europe-nikon.com/support
Қажетсіз ыңғайсыздықтарды алдын алу үшін дилермен
немесе өкіле
тті қызмет көрсету желісімен хабарласудан бұрын
пайдаланушы нұсқаулықтарын мұқият оқып шығуға кеңес береміз.
Nikon жабдығына бастапқы сатып алған күннен бастап бір жылға
қандай да бір өндірістік ақауларға кепілдік беріледі. Кепілдік
берілген осы мерзім ішінде өнім нашар материалға немесе
жасалу сапасына байланысты істен шығатын болса, Nikon Europe
B.V. сату аумағындағы біздің өкілетті қызмет көрсету желісіміз
төменде көрсетілген шарттар мен талаптарға сəйкес жұмысы жəне
бөлшектері үшін ақы алмай, өнімді жөндейді. Nikon компаниясы
өнімді ауыстыру немесе жөндеу құқығын (өзінің қарауына) өзінде
қалдырады.
1. Бұл кепілдік сатып алынған күнді, өнім түрін жəне дилердің аты-
жөнін көрсететін дайын кепілдік талоны жəне бастапқы есепшот
немесе сатып алғандығын дəлелдейтін түбіртектің негізінде ғана
беріледі; өніммен бірге Nikon компаниясы жоғарыда айтылған
құжаттар көрсетілмесе немесе оның ішінде мəліметтер толық
болмаса немесе оқуға түсініксіз болса, кепілдік бойынша тегін
қызмет көрсетуден бас тарту құқығын сақтайды.