Қолданушы нұсқаулығы

Фотокамераға жəне батареяға күтім көрсету: Сақтық ескертулер 57
Зарядтаудың айнымалы ток адаптерін
пайдалану
Зарядтау барысында фотокамераны жылжытуға немесе
батареяны ұстауға болмайды. Бұл сақтық шарасы орындалмаса,
батарея тек жартылай зарядталған кезде, фотокамерада кейде
зарядтаудың аяқталғаны көрсетілуі мүмкін. Зарядтауды қайта
бастау үшін адаптерді ажыратып, қайта жалғаңыз.
Адаптердің клеммаларын қысқа тұйықтамаңыз. Бұл сақтық
шарасы орындалмаса, зарядтау құрылғысы қызып кетуі жəне
зақымдалуы мүмкін.
Адаптер пайдаланылмағанда, оны ажыратып қойыңыз.
Ішкі бөлігін ашық қалдыратын немесе пайдаланғанда ерекше
дыбыстар шығаратын зақымданған адаптерлерді пайдаланбаңыз.
Бұл өнімдегі таңбалар мыналарды білдіреді:
m
AC,
p
DC,
q
II сыныпты жабдық (Өнім құрылысы қос
қабатпен оқшауланған.)