Қолданушы нұсқаулығы

56 Фотокамераға жəне батареяға күтім көрсету: Сақтық ескертулер
Толық зарядталған батареяларды зарядтауға
әрекеттенбеңіз
Толық зарядталған батареяны зарядтай беру батареяның өнімділігін
нашарлатады.
Пайдаланылған батареяларды утилизациялау
Қайта зарядталатын батареяларды жергілікті ережелерге сай,
алдымен түйіспе тұстарды лентамен оқшаулап қайта өңдеуге
тапсырыңыз.
Зарядтау құрылғысын пайдалану
Зарядтау барысында зарядтау құрылғысын жылжытуға немесе
батареяны ұстауға болмайды; бұл сақтық шарасы орындалмаса,
батарея тек жартылай зарядталған кезде, зарядтау құрылғысында
кейде зарядтаудың аяқталғаны көрсетілуі мүмкін. Зарядтауды
қайта бастау үшін батареяны алып, қайта салыңыз.
Зарядтау құрылғысының клеммаларын қысқа тұйықтамаңыз. Бұл
сақтық шарасы орындалмаса, зарядтау құрылғысы қызып кетуі
жəне зақымдалуы мүмкін.
Зарядтау құрылғысы пайдаланылмағанда, оны ажыратып
қойыңыз.
MH-32 батареяны зарядтау құрылғысын тек үйлесімді
батареялармен пайдаланыңыз.
Ішкі бөлігін ашық қалдыратын немесе пайдаланғанда ерекше
дыбыстар шығаратын зақымданған зарядтау құрылғысын
пайдаланбаңыз.
Бұл өнімдегі таңбалар мыналарды білдіреді:
m
AC,
p
DC,
q
II сыныпты жабдық (Өнім құрылысы қос
қабатпен оқшауланған.)