Қолданушы нұсқаулығы

54 Фотокамераға жəне батареяға күтім көрсету: Сақтық ескертулер
- Батареяларды қысқа тұйықтамаңыз немесе бөлшектемеңіз не
оларды жалын немесе қатты ыстық температура əсеріне
ұшыратпаңыз.
- Фотокамераға немесе зарядтау құрылғысына салынбаған болса,
батареяны пластик пакетте немесе басқа өткізгіш емес ыдыста
ұстаңыз, осылайша түйіспе тұстар оқшауланған болады.
Егер батарея қызып кетсе (мысалы, пайдаланудан кейін бірден),
оны зарядтау алдында суығанын күтіңіз. Ішкі температурасы
көтерілген кезде батарея зарядталса, оның жұмысын нашарлайды
жəне батарея зарядталмауы немесе жартылай зарядталуы мүмкін.
Егер батарея біраз пайдаланылмайтын болса, оны фотокамераға
салып, зарядын тауысыңыз, содан соң оны фотокамерадан алып,
сақтауға қойыңыз. Батарея орта температурасы 15 °C жəне
25 °C аралығындағы салқын, құрғақ жерде сақталуы керек. Ыстық
немесе өте суық орындарда сақтамаңыз.
Батареяларды əр алты ай пайдаланудан кейін ауыстыру
керек. Ұзақ уақыт пайдаланылмаса, батареяны салқын жерге
қойып сақтаудың алдында əр алты айда бір рет зарядтап,
фотокамерамен зарядын тауысыңыз.
Пайдаланылмағанда, батареяны фотокамерадан немесе зарядтау
құрылғысынан алып тастаңыз. Фотокамера мен зарядтау
құрылғысы өшірулі тұрғанда да, зарядтың аз мөлшерін тұтынады
жəне батареяны бұдан былай жұмыс істемейтін деңгейге дейін
жеткізуі мүмкін.
Батареяны орта температурасы 0 °C-тан төмен немесе 40 °C-тан
жоғары жағдайда пайдалануға болмайды. Бұл сақтық шаралар
сақталмаса, батарея зақымдалуы немесе өнімділігі нашарлауы
мүмкін. Батареяны орта температурасы 5–35 °C болатын бөлме
ішінде зарядтаңыз. Егер батареяның температурасы 0 °C-тан
төмен немесе 60 °C-тан жоғары болса, ол зарядталмайды.
Батареяның температуралары 0–15 °C жəне 45–60 °C аралығында
болса, сыйымдылық азайып, зарядтау уақыты ұзаруы мүмкін.
Орта температурасы төмен болғанда, батареялардың зарядтау
сыйымдылығы əдетте азаяды.