Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
Фотокамераға жəне батареяға күтім көрсету: Сақтық ескертулер 53
D Деректерді сақтау құрылғыларын утилизациялау
Кескіндерді жою немесе жад карталарын не басқа деректерді
сақт
ау құрылғыларын форматтау түпнұсқалы кескін деректерін
толық өшірмейтінін ескеріңіз. Кейде жойылған файлдарды
утилизацияланған сақтау құрылғыларынан сатылымда бар
бағдарламалық жасақтама арқылы қалпына келтіруге болады жəне
бұл жеке кескін деректерінің рұқсатсыз заңсыз қолданылуына
əкелуі ықтимал. Мұндай деректердің құпиялылығына пайдаланушы
жауапты.
Деректерді сақтау құрылғысын қоқысқа тастамас бұрын немесе
басқа тұлғаға меншік құқығын бермес бұрын, сатылымда бар
бағдарламалық жасақтама арқылы барлық деректерді жойыңыз
немесе құрылғыны форматтаңыз, содан соң оны жеке ақпараты
жоқ кескіндермен (мысалы, аспан суреттері) толтырыңыз.
Деректерді сақтау құрылғыларын физикалық тұрғыдан жойған
кезде жарақаттанудан сақтану керек. Фотокамераны қоқысқа
тастамас немесе басқа тұлғаға меншік құқығын бермес бұрын, желі
параметрлері мен басқа жеке ақпаратты жою үшін фотокамераны
баптау мəзірінде [Reset all settings (Барлық параметрлерді
қалпына келтіру)] элементін пайдалануыңыз керек.
Батареяға күтім көрсету
Пайдалануға арналған сақтық шаралары●
・ Ег
ер дұрыс қолданылмаса, батареялар жарылып немесе ағып
кетуі мүмкін, бұл өнімнің тот басуына əкеледі. Батареяларды
қолданғанда келесі сақтық шараларын сақтаңыз:
- Батареяны ауыстыру алдында өнімді өшіріңіз.
- Батареялар ұзақ пайдаланылғаннан кейін қызып кетуі мүмкін.
- Батареяның клеммаларын таза күйінде ұстаңыз.
- Осы жабдықпен пайдалану үшін бекітілген батареяларды ғана
пайдаланыңыз.