Қолданушы нұсқаулығы

Фотокамераға жəне батареяға күтім көрсету: Сақтық ескертулер 51
Объектив түйіспелері
Объектив түйіспесін таза күйінде ұстаңыз. Оларға саусақтарыңызды
тигізбеңіз.
Жақсы желдетілетін аймақта сақтаңыз
Көгерудің немесе зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін
фотокамераны құрғақ, жақсы желдетілетін аймақта сақтаңыз.
Фотокамераны нафта немесе камфора шарлармен, күшті
электромагниттік өріс тудыратын жабдықтың жанында немесе
жоғары температурада (мысалы, қыздырғыш жанында не ыстық
күні жабық көлікте) сақтамаңыз. Осы сақтық шараларын қолданбау
өнімнің бұзылуына əкелуі мүмкін.
Ұзақ уақыт сақтау
Өнім ұзақ уақыт қолданылмаса, батарея сұйықтығының ағуы сияқты
əсерден болатын зақымдануға жол бермеу үшін батареяны алып
тастаңыз. Фотокамераны ылғал сіңіргіші бар пластик қорапта
сақтаңыз. Дегенмен теріден жасалған қапты пластик қорапта
сақтамаңыз, себебі бұл материалдың бүлінуіне əкелуі мүмкін.
Батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. Ылғал сіңіргіш ылғалды
сіңіру қабілетін біртіндеп жоғалтатынын ескеріңіз жəне оны белгілі
бір уақыт аралығында ауыстыру қажет. Көгерудің немесе зеңнің
алдын алу үшін фотокамераны айына кемінде бір рет сақтау
орнынан шығарыңыз, батареяны салыңыз жəне ысырманы бірнеше
рет босатыңыз.
Батареяны салу немесе шығару алдында өнімді өшіріңіз.
Фотокамера қосулы кезінде батарея алынса, өнім зақымдалуы
мүмкін. Кескіндерді жазу немесе өшіру кезінде қуат көзін алуға
немесе ажыратпауға ерекше назар аударған жөн.
Монитор/көріністапқыш
Мониторлар (оның ішінде көріністапқыш) өте жоғары дəлдікпен
жасалған; кемінде 99.99 % пиксель тиімді, олардың 0.01 %-дан
аз бөлігі жоқ немесе ақаулары бар. Демек бұл дисплейлерде
əрқашан жанып тұратын (ақ, қызыл, көк немесе жасыл) немесе