Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
50 Фотокамераға жəне батареяға күтім көрсету: Сақтық ескертулер
фотокамерамен түсірілген фотосуреттерде ақ бұлдырату əсері
байқалуы мүмкін.
Лазерлер және басқа қатты жарық көздері●
Лазерлерді немесе басқа өте қатты жарық көздерін объективке
бағыттамаңыз, өйткені бұл фотокамераның кескін сенсорын
зақымдауы мүмкін.
Тазалау●
Фотокамера корпусын тазалаған кезде шаң мен түкті ауа үргішпен
абайлап тазартыңыз, содан соң жұмсақ, құрғақ шүберекпен
абайлап сүртіңіз. Фотокамераны жағажайда немесе теңіз жағасында
пайдаланудан кейін тұщы суға аздап батырылған шүберекпен
құм немесе тұзды сүртіңіз, содан соң фотокамераны жақсылап
құрғатыңыз.
Объективті және көріністапқышты тазалау●
Бұл шыны элементтер оңай сынғыш болып келеді: шаң мен түкті
ауа үргішпен кетіріңіз. Егер аэрозольді ауа үргішті пайдалансаңыз,
шыны элементтерді зақымдауы мүмкін сұйықтықтың ағып кетуіне
жол бермеу үшін қаңылтырды тік ұстаңыз. Объективтен саусақ
іздерін жəне басқа дақтарды кетіру үшін объективті тазалау
құралының азғантай мөлшерін жұмсақ шүберекке жағып, объективті
абайлап сүртіңіз.
Кескін сенсорын ұстамаңыз●
Кескін сенсорына қысым түсірмеңіз, оны тазалау құралдарымен
түртпеңіз немесе ауа үргіштің күшті ауа ағындарын бағыттамаңыз.
Бұл əрекеттер сенсорды сыруы немесе басқаша зақымдауы мүмкін.