Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
Фотокамераға жəне батареяға күтім көрсету: Сақтық ескертулер 49
Фотокамераға және батареяға
күтім көрсе
ту: Сақтық ескертулер
Фотокамераға күтім көрсету
Құлатып алмаңыз●
Фотокамераны немесе объективті түсіріп алмаңыз немесе соққыға
ұшыратпаңыз. Егер өнімге қатты соққы немесе діріл əсер етсе,
ақаулық пайда болуы мүмкін.
Құрғақ күйде ұстаңыз●
Фотокамераны құрғақ күйде ұстаңыз. Су əсерінен фотокамераның
ішкі механизмінің тоттануын жөндеу қымбат болып қана қоймай,
сонымен бірге қалпына келмеуі мүмкін.
Температураның күрт өзгеруінен қорғаңыз●
Егер фотокамераны салқын жерден ыстық жерге немесе ыстық
жерден салқын жерге əкелсеңіз, фотокамераның ішінде жəне
сыртында су тамшылары түзіліп, зақымдануға əкелуі мүмкін.
Фотокамераны температурасы əртүрлі жерге əкелгенде, оны
тасымалдауға арналған қапқа немесе пластик дорбаға салып,
қолдануға дейін орып қойыңыз. Фотокамера қоршаған орта
температурасына бейімделген кезде, оны дорбадан шығарып,
қолданыңыз.
Қатты магниттік өрістерден алыс ұстаңыз●
Радио таратқыштар сияқты жабдықтан шығатын статикалық
зарядтар немесе магниттік өрістер мониторға кедергі келтіруі,
жад картасында сақталған деректерді бұзуы немесе өнімнің ішкі
схемасына əсер етуі мүмкін.
Объективті күнге қаратып қалдырмаңыз●
Объективті күнге немесе басқа күшті жарық көздеріне қаратып
ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Қарқынды жарық кескін сенсорын
зақымдауы немесе түссіздендіруі не «күйдіруі» мүмкін. Содан кейін